Байланысты: Саба та ырыбы тербелмелі контурда ы электромагниттік тербеліст
Линзаның негізгі кемшіліктері: Сфералық аберрация –жалпақ параллель сәулелер шоғын қолданғанда линзада бір фокустың орнына бірнеше фокустың пайда болуы. Сфералық аберрацияны жою үшін арнайы линзалар, диафрагма және линзалар жүйесін қолданылады;
Хроматтық аберрация дегеніміз –линзалар жарық сәулелерін фокусқа жинағанда түске боялған дақтардың пайда болуы. Бұл аберрацияны анрай линзалар жүйелерінің (ахроматтар, анахроматтар) көмегімен түзетед;
Астигматизм –линзаның ұзын және көлденең өлшемдеріне, яғни линзаның қисықтығына тәуелід болатын ақау. Дөңгелек линзалар көмегімен астигматизмды жоюға болады;
Дисторсия –кескіннің қисаюы.
Экранда нәрсенің үлкейтілген шын кескінін алуға арналған оптикалық аспаптарды проекциялық аспаптар немесе аппараттар деп атайды.
Проекциялық аппараттың оптикалық құрылысының сұлбасы: 3-ойыс айна
К-конденсор –жазықдөңес линзалар жүйесі.
Д-диапозитив
О-объектив
Фокус аралығы азайған сайын линза көбірек үлкейтеді.
Микроскоп –күрделі оптикалық аспап.
Микроскоптың құрылысының оптикалық сұлбасы:
Микроскоптың бұрыштық ұлғайтуы: Мұндағы: нәрсенің сызықтық өлшемі, объектив беретін кескіннің сызықтық өлшемі, окулярдың фокустық ара қашықтығы, ең жақсы көру қашықтығы.
Телескоп алыстағы нәрсенің кескінін үлкейту үшін қолданылады.
Телескоптың оптикалық құрылысының сұлбасы: Телескоптың түрлері: телескоп-рефрактор, телескоп-рефлектор