Шапшаң нейтронды реактордағы жүретін ядролық реакциялар:
ІV.Есептер шығару. № 8.3.18, №8.3.19, №8.3.21, №8.3.16, №8.3.15.
V. Үйге тапсырма: §8.9. Тізбекті ядролық реакциялар.§8.10. Ядролық реактор. Ядролық энергетика. №8.10.1, №8.10.2, №8.10.3.
VІ. Қорытындылау. Бағалау. 11-сынып. Сабақ тақырыбы: §8.11. Термоядролық реакциялар .§8.12. Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану.
Сабақ мақсаты:
Өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор , слайдтар, электрондық оқулық.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
Тізбекті бөліну реакциясы қалай жүзеге асады?
Нейтрондардың көбею коэффициенті деген не?
Қандай массаны сындық масс деп атайды?
Атомдық бомбаның адамзатқа қауіпі қандай?
Ядролық реактордың негізгі бөліктерін атаңдар.
Жылулық нейтронды реакторда не үшін нейтрондарды баулату қажет?
Тізбекті реакция қалай басқарылады?
Ядролық реакторда отын ретінде не пайдаланылады?
Ядролық энергия электр энергиясына қалай түрленеді?