VI. Қорытындылау. VII.Бағалау. VШ. Үйге тапсырма: §9.3. Мазмұндау.
11-сынып. Сабақ тақырыбы: §9.4.Қазіргі заманның ғылыми бейнесі.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға әлемнің қазіргі заманғы бейнесі туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі:аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар:компьютер, видеопроектор, , слайдтар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Атомның құрылысы қандай?
Ядроның протондық-нейтрондық моделі қандай?
Нейтрон қандай бөлшек және ол өз бетімен қандай бөлшектерге ауыса алады? Реакциясын жаз.
Вильсон камерасында нейтрондардың әрекетімен қандай ядролық реакция жүзеге асты?
Позитрон қалай пайда болады?
Ган-Манн және Д.Цвейг қандай гипотеза ұсынды?
ІІІ. Жаңа сабақ. Әлемнің қазіргі құрылымында ықтималдық заңдылықтар динамикалық заңдылыққа келмейтіні іргіелі болып қалуда. Мысалы, фотон протонмен соқтығысқанда төмендегі көрсетілген түрленулердің қайсысы болатынын дәл айтуға болмайды:
Тек осы аусыулардың біреуінің ықтималдылығ туралы ғана айта аламыз. Қай бөлшектің ыдырайтынын да айту қиын, тек ыдыраудың ықтималдығы туралы ғана айтылады. Әлемнің қазіргі заманғы құрылымында кездейсоқтық маңызды мәселе. Әлемнің қазіргі көрінісінде вакуум бостық емес, ол виртуальды бөлшектремне «толтырылған». Виртуаль бөлшек ұғымы энергия мен уақыт үшін анқыталмағандық қатынасымен байланысты: