V. Үйге тапсырма: §7.9. Лазер.
VІ. Қорытындылау. Бағалау.
11-сынып. Сабақ тақырыбы: §7.10. Сызықтық емес оптика.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға сызықтық оптика ерекшеліктерітуралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор , слайдтар
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Лазер деген не?
Атомдардың өз бетімен және еріксіз сәулеленуі туралы айтып беріңдер.
Энергия деңгейлерінің инверсиялық қоныстануы деп нені айтады?
Рубинді лазердің жұмыс істеу принципін түсіндіріңдер.
Лазер сәулелерінің негізгі ерекшеліктері қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ. Сызықтық оптика құбылыстары туралы түсінік беру. Жарықтың сызықтық емес шағылуы.
Жарық сәулесінің өздігінен фокустануы.
Көп фотонды процестер.
V. Пысықтау.
Сызықтық оптика деген не?
Сызықтық емес оптика құбылыстарының ерекшеліктері неде?
Сызықтық емес оптика құбылыстарына мысал келтіріңдер.
Көпфотонды процесс жайлы не білесіңдер?
V. Үйге тапсырма: §7.10. Сызықтық емес оптика.
VІ. Қорытындылау.VІІ. Бағала
11-сынып «Атомдық физика» тарауы бойынша есептер шығару. Мақсаты: Оқушылардың «Атомдық физика» тарауында алған теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.