Сабақ түрі:аралас Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар: Толқындық қозғалыс дегеніміз не?
Толқындық қозғалыстың негізгі ерекшеліктері қандай?
Толқынның таралу жылдамдығының толқын ұзындығы мен тербеліс жиілігіне тәуелділігі қандай?
Қума толқындарды көлденең толқындардан қалай ажыратуға болады?
Қума толқын дегеніміз не?
Толқын шебі дегеніміз не?
Толқындық бет дегеніміз не?
Фазалық жылдамдық дегеніміз не?
Интерференция дегеніміз не?
Когеренттік толқын дегеніміз не?
Интерфернция кезіндегі максимум және минимум шарттары қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ. Көрінетін жарық дегеніміз – ұзындығы 780 нм-ден 400 нм аралығында болатын электромагниттік тоқындар. Артық энергиясы бар қозған атомдар энергиясы аз күйге ауысады да электромагниттік толқындар шығарады, демек, жарық шығарады. Бұл процестің ұзақтығы 10 нс-ке созылады., сөйтіп атом синусоиданың бір үзігін шығарады. Оны толқындық цуг деп атайды.
Интерференция құбылысын 1675 жылы Ньютон, одан кейін Юнг және Френель байқаған.
Жарық толқынының интерференциясы тек когерентті толқындар қабаттасқанда ғана пайда болады.
Интерференцияны іске асыру әдістер:
Юнг әдісі.
Френель әдісі.
Жұқа пленка әдісі.
Ньютон сақиналары.
R –линза қисығының радиусы,
d–жазық шынының бетінен линзаның жарық сынатын бетіне дейінгі ара қашықтық6
r –сақина радиусы.
Жарық интерференциясын тұрмыста қолдану.
Интерферометрлер - өте кішкене бұрыштарды дәл өлшеуге, жарық толқынының ұзындығын, кіші кесінділерін ұзындығын, әр түрлі заттардың сыну көрсеткіштерін анықтауға, беттің өңделу сапасын тексеруге және беттің жылтырау дәлдігін анықтауға арналған аспаа.
Интерференция жарқындату үшін қолданылады, яғни интерференция көмегімен шағылған сәулелердің шамасын не көбейтуге, не азайтуға болады.
Интерферометрлер көмегімен қатты денелердің сызықтық ұлғаю коэффициентін анықтауға, ферромагниттер шамасының өзгеруін өлшеуге болады.