ІV. Пысықтау. 1. Толқын цугі дегеніміз не?
2. Жарық интерференциясының механикалық интерференциядан ерекшелігі неде?
3. Когеренттік немесе когеренттік емес электромагниттік толқындар дегеніміз не?
4. Қос сәулелеі интерференция және оны іске асыру тәсілдері қандай?
5. Жарық интерференциясының тұрмыста қолданылуы туралы әңгімелеп беріңдер.
V. Есептер шығару. №4.3.1, №4.3.2. № 4.3.3.
VІ. Үйге тапсырма: §4.3. №4.3.4, №4.3.5. №4.3.6.
VІІ. Қорытындылау. Бағалау.
11-сынып. Сабақ тақырыбы: §§4.4. 4.5. Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық тор.
Сабақ мақсаты: Жарық дифракциясы, дифракциялық тор, дифракциялық тор периоды туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғыдыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар: Толқын цугі дегеніміз не?
Жарық интерференциясының механикалық интерференциядан ерекшелігі неде?
Когеренттік немесе когеренттік емес электромагниттік толқындар дегеніміз не?
Қос сәулелі интерференция және оны іске асыру тәсілдері қандай?
Жарық интерференциясының тұрмыста қолданылуы туралы әңгімелеп беріңдер.
ІІІ. Жаңа сабақ. Жарық дифракциясы деп жарықтың түзу сызықтың бойымен таралудан ауытқуын немесе жарықтың тосқауылды орағытып өтуін айтады. Жарық интерференциясын 1665 жылы Италия физигі Франческо Мария Гримальди ашты.
(Жарық дифракциясы туралы тәжірибелер көрсету).
Бір нүктеге жиналатын сәулелердің дифракциясы.
Параллель сәулелердегі дифракция. Оптикалық аспапатардың айыру қабілеттілігі. Дифракциялық тор дегеніміз жарық дифракциясы байқалатын тосқауылдар мен саңылаулар жиынтығы. Екі түрі бар:
Реттелген дифракциялық тор.
Реттелмеген дифракциялық тор.
Реттелген тор деп саңылаулары белгілі бір қатаң тәртіп бойынша орналасқан торларды айтады. Реттелмеген деп саңылаулары тәртәпсіз орналасқан торларды айтады. Геометрлиялық құрылысына қарай торларды жазық және кеңістік торлар деп те бөледі.
d=a+b – дифракциялық тор тұрақтысы немесе периоды.
Егер ∆=2kλ/2 болса, А нүктесінде максимум байқалады. Онда дифракциялық тор үшін мына формула дұрыс: dsinφ=kλ
n=0, бұрыш φ=0 →нолінші ретті максимум
n=±1, бұрыш sinφ=±λ/d → бірінші ретті максимум
n=±2, бұрыш sinφ=±2λ/d → екінші ретті симметриялы максимум.
Жарық толқынынң ұзындығын табуға арналған аспап.