Сабақ түрі:аралас Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар:компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Оқушылардың «Салыстырмалы теория элементтері» тарауын қалай меңгергендерін тексеру. І нұсқа Теориялық сұрақтар: Салыстырмалы теориясының постулаттары.
Дененің жылдамдығын арттырғанда оның массасы қандай формулаға сәйкес артады?
Дененің релятивтік импульсінің формуласы.
Динамиканың негізгі заңы.
Эйнштейн формуласы.
Есептер: Егер Жерге қатысты 0.99с жылдамдықпен қозғалатын ракета ішінде 10 жыл өтсе, онда Жерде қанша уақыт өтеді?
Қуаты 100 Вт электр шамының жарық шығару кезінде жоғалтатын массасы қандай?
ІІ нұсқа Теориялық сұрақтар: Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы.
Уақыттың салыстырмалылығы.
Ұзындықтың салыстырмалылығы.
Массаның жылдамдыққа тәуелділігі.
Масса мен энергия арасындағы байланыс.
Есептер: Егер Жерге қатысты 0.8с жылдамдықпен қозғалатын ракета ішінде 21 жыл өтсе, онда Жерде қанша уақыт өтеді?
Жерде тұрған бақылаушыға қатысты қозғалмайтын сызғыштың ұзындығы 1 м. Егер сызғыш бақылаушыға қатысты 0,66с жылдамдықпен қозғалса, бақылаушы үшін оның ұзындығы қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ. Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын жылулық сәулелену деп атайды.
Жылулық сәулелердің барлық түрлері электромагниттік толқынға жатады.
Сәулеленіп тұрған дене бетінің аудан бірлігінен барлық бағытта шығатын сәулелену қуатын энергетикалық жарқырауы деп атайды.
Энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы немесе дененің сәулелену қабілеті:
Дененің сәулелену қабілеті деп оның беттік аудан бірлігінен жиілік интервалының бірлік енінде шығатын сәулелік қуатын атайды.
Спектрлік жұту қабілеті деп дененің жұтқан энергия ағынының оған түскен сәулелік энергия ағынына қатынасына тең шаманы айтады.
Спектрлік жұту қабілеті:
Барлық жиілікте түскен сәуленің энергиясын түгел жұтып алатын дене абсолют қара дене деп аталады.
Стефан-Больцман заңы:
=5,67∙10-8 Вт/м2К4 –Стефан-Больцман тұрақтысы.
Винн заңы:
, =2,9∙10-3 м∙К –Винн тұрақтысы.
Әр кванттың энергиясы
h =6,626∙10-34 Дж∙с –Планк тұрақтысы