Модуль 1 – Бетон танудың негіздері және бетон технологиясы
Практикалық сабақ 2.
Тақырып 2.Бетон технологиясында қолданылатын ұсақ толтырғыштарды таңдау.
Сұрақтары:
1.Құмның орташа және шынайы тығыздығын анықтау.
2.Құмының ірілігінің бетон араласпасына әсері.
Ұсақ толтырғыштар түйірлерінің диаметрі 0,14...5мм аралығындағы құм (көбінесе кварцты, сирегірек далашпатты, əктасты) жатады. Құм түйірлерінің беттік ауданы олардың ірілігіне байланысты. Белгілі бір көлемде уақ түйірлердің ауданы ірі түйірлермен салыстырғанда үлкен болады. Сондықтан ұсақ құмның түйірлерін өзара біріктіру үшін, оларды байланыстырғыш заттың өте жұқа қабатымен жапсақта цемент шығыны көбейеді. Осыған байланысты құмның ішінде тесіктерінің диаметрі 0,14мм өлшеуіштен өтетін түйіршіктердің мөлшері 10%-тен аспауы, ал 5мм-ден ірі түйірлер мөлшері 3%-тен аспауы тиіс.
Бетонда жəне құрылыс ерітінділерінде қолданылатын құмның ірілігі ірілік модульмен ( Mi ) сипатталынады:
Mi =
A2,5 + A1, 25 + A0,63 + A0,3 + A0,14 .
100
мұнда
A2,5 ...A0,14
дегеніміз елегенде тесіктерінің диаметрі 2,5...0,14мм
өлшеуіштерде құмның толық қалдықтарының %-тік мөлшері.
Ірілік модулі бойынша құмдар ірі ( Mi = 2,5...3,5 ), орташа
( Mi = 2,0...2,5 ) жəне ұсақ ( Mi = 1,5...2,0 ) болып бөлінеді. Тесіктерінің диаметрі 0,63 мм өлшеуіштегі ірі құмның толық қалдығы
A0,63 = 50...75%
аралығында болады. Əдетте бетон үшін негізінде ірі
жəне біраз уақ түйірлері бар құм қолданылады. Аязды аймақтарда қолданылатын маркалы 200 жəне одан жоғары бетондар үшін
орташа тығыздығы 1550кг/м3-нан кем емес құмды пайдаланған жөн. Ол үшін құм түйірлері арасындағы қуыстарды азайту қажет. Сондықтан құм құрамында əр мөлшерлі түйірлер болуы тиіс. Құм түйірлерінің мөлшері оны стандартты елеуіштер жиынтығынан өткізу арқылы анықталынады. Мысал үшін алынған құмның құрамы 8.1-кестеде келтірілді. Бұл таблицада құмның ірілігін қалай табу əдісі көрсетілген. Мұнда келтірілген құмның ірілік модулі 2,6- ға тең.
Құмның ірілігін табу (құрғақ құмның навескасы1⋅1000г)
Елеуіш тесіктердің мөлшері,
мм
|
Меншікті қалдықтар мөлшері
|
Толық қалдықтар мөлшері, %
|
г
|
%
|
2,5
|
150
|
15
|
15
|
1,25
|
150
|
15
|
30
|
0,63
|
200
|
20
|
50
|
0,3
|
200
|
20
|
70
|
0,14
|
250
|
25
|
95
|
0,14-тен өтті (тозаң)
|
50
|
5
|
-
|
Жинағы
|
-
|
-
|
260
|
Құмды стандартты елеуіштің жиынтығынан өткізіп сынаудың нəтижесін графика (сызықпен түсірілген бейне арқылы көрсеткен қолайлы, егер көлденең бойына (абсциссада) елеуіштердіңтесік өлшемін мм-мен, ал тік бойына ординатада) түйірлердің əр елеуіштегі толық қалдығын %-пен келтірсек, 8.1-кестеде келтірілген құмның құрамын графикамен салыстырсақ, онда бұл құмның бетон жасауға жарайтындығын байқаймыз, өйткені оның құрамы диаграммадағы штрихталған облыстың ішінде.
Қатарда іргелес тұрған екі өлшеуіште еленген құмның түйірлері, яғни ірілігі бір-біріне жақын түйірлердің арасындағы қуыстардың көлемі үлкен болады; ол 40...42% аралығында.
Ірі, орташа жəне ұсақ түйірлердің қатынасы өте жақсы болған жағдайда құмдағы қуыстар көлемін 30%-ке жеткенше төмендетуге болады. Жақсы құмда қуыстардың көлемі 38%-тен аспауы керек. Навеска – сынауға тағайындалған заттың нақты мөлшері.
Достарыңызбен бөлісу: |