Баяу әуен (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтіну. Арқаларын тік ұстауын қадағалау. Жайлы, баяу музыка қою).
Қиясбай сақа жігіт болғанша үйленбепті. Бір күні Абай оған:
- Осы сенің не ойлағаның бар? Үйленетін уақытың жетті емес пе? - депті.
- Ұнатқан қызымды әперсең үйленемін.
- Әперейін.
- Алдымен қыз қарап көрейін. Содан соң ұнатқанымды өзіңе келіп айтармын.Бір күні қазанның қара бораны соғып тұрғанда, Қиясбай ебіл-дебіл боп Абайдың үйіне жетіп келіпті.
- Абай аға, тезірек шықшы, ұнатқан қызымды көрсетейін. Абай шапанын жамылып сыртқа шықса, жамыраған бұзауына қарай жүгіріп бара жатқан қызды көрсетіп:
- Анау! - депті Қиясбай.
- Екеуің бірігіп, шаруа құрып кете аласыңдар ма? -дейді Абай сәл ойланып.