|
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері
|
бет | 46/191 | Дата | 06.01.2022 | өлшемі | 3,41 Mb. | | #12529 | түрі | Сабақ |
| Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Ұят,ар,намыс ұғымдарының мәнін түсіндіре отырып, сабырлылық қасиетінің маңыздылығын ұғындыру.
Адамдармен қарым-қатынаста шыдамды болуға баулу.
Оқушыларды сыпайы болуға тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
Оқулық, дәптер, таспа, интербелсенді тақта
|
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т ережесін еске салу.
1) Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
|
Сабақ барысын талқылау:
Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау
|
2)Үй тапсырмасын тексеру. №11 сабақ, оқулықтың 57 бетіндегі Абайдың отыз алтыншы сөзі (үзінді) оқып, түсінігін айту.
Сұрақтар арқылы талдау.
Шығармадан қандай ой түйдіңдер?
Неліктен Абай ұялмас нәрседен ұялғанды ақымақтық,жамандық дейді?
«Шын ұят»-дегенді қалай түсінесіңдер?
Қандай жағдайда адамның ішкі тыныштығы кетеді?
АР,Нмаыс,Ұят ұғымдары туралы не білесіз
Өз ісіңе қатты ұялған кезің болды ма?
«Ар-намыс керек адамға »дегенді қалай түсінесің?
|
|
ІІ. Дәйексөз.
«Малым-жанымның садағасы,
Жаным-арымның садағасы».
|
Мақал сөздің тағылымын түсіндіру арқылы өмірде,соның ішінде халқымызда ар-ұяттың маңыздылығына ерекше мән беру.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|