Сабақ тапсырмалары 4 томдық «Абай жолы» романын неше тәсілмен сөреге жинауға болатынын көрсетіңіз «Тасқын» сөзінің әріптерін қанша тәсілмен алмастыруға болатынын анықтаңыз



Дата10.07.2023
өлшемі15,9 Kb.
#104175
түріСабақ
Байланысты:
Тапсырмалар


3-сабақ тапсырмалары

  1. 4 томдық «Абай жолы» романын неше тәсілмен сөреге жинауға болатынын көрсетіңіз

  2. «Тасқын» сөзінің әріптерін қанша тәсілмен алмастыруға болатынын анықтаңыз

  3. Театр кассасында 5 адам кезекте тұр. Қанша тәсілмен оларды кезекке қоюға болатынын табыңыз

  4. «Сахара» сөзінің әріптерін қанша тәсілмен алмастыруға болатынын анықтаңыз

  5. «Алгебра» сөзінен әріптерін алмастыру арқылы қанша мағынасыз сөз құрастыруға болатынын табыңыз

  6. Бір қатарға 7 оқушыны қанша тәсілмен отырғызуға болатынын табыңыз

  7. «Мекеме» сөзінен әріптерін алмастыру арқылы қанша мағынасыз сөз құрастыруға болатынын табыңыз

  8. Дөңгелек үстел басына 8 оқушыны қанша тәсілмен отырғызуға болатынын табыңыз

  9. Әріптерін ауыстыру арқылы «Талапкер» сөзінен алуға болатын сөздер санын табыңыз

  10. Мектепте 28 сынып құрылды. Әр сыныпқа бір сынып жетекшіден тағайындау керек.Барлығы 28 мұғалім бар. Мұғалімдерді сынып жетекшілікке неше тәсілмен тағайындауға болатынын көрсетіңіз

  11. Аминаның 7 түсті 7 қарандашы бар. Көк және қызыл түсті қарандашты қатар тұратындай етіп, осы қарандаштарды неше тәсілмен орналастыруға болатынын табыңыз

  12. Сары, көк, қызыл, ақ және жасыл түсті шарлар берілген. Осы шарларды бір қатардың бойына қанша тәсілмен орналастыруға болады?

  13. Кітап сөресінің бір қатарына математикадан төрт, физикадан үш оқулықты неше тәсілмен қойып шығуға болатынын табыңыз

  14. 9-сыныптың дүйсенбі күнгі сабақ кестесінде 6 сабақ тұр. Осы күнгі сабақ кестесін қанша тәсілмен жасауға болады?

  15. «Тақырып» сөзіндегі әріптерді екі «ы» әрпі қатар орналасатындай етіп, қанша тәсілмен алмастыруға болады?

  16. «Достық» сөзіндегі әріптерді «д» мен «т» әріптері қатар орналасатындай етіп, қанша тәсілмен алмастыруға болады?

  17. Екінші, төртінші және алтыншы орындарда дауысты дыбыстар тұратындай етіп, «логарифм» сөзіндегі дыбыстарды неше тәсілмен алмастыруға болады?

  18. 1,3,5,7,9 цифрларының көмегімен цифрлары қайталанбайтын, соңы 35 санымен аяқталмайтын қанша бес таңбалы сан құрастыруға болатынын табыңыз

  19. 6 ұяшықтың екеуін қызылмен, қалған төртеуін ақ, қара, көк және жасылмен бояп шығудың қанша тәсілі бар екенін табыңыз

  20. «Қазақстан» сөзіндегі әріптерді үш «а» әрпі қатар орналаспайтындай етіп, қанша тәсілмен алмастыруға болады?



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет