Сабақ тардың қалыптасуы



бет4/33
Дата07.01.2022
өлшемі272,5 Kb.
#17423
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
stud.kz-99570

Зерттеу объектісі: Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесіндегі дәстүрлі емес сабақтардыі жалпы түсінігі.

Зерттеу пәні: Құқық және экономика пәндерін оқытуда дәстүрлі емес сабақтар

Жұмыстың зерттелу деңгейі: Педагогтардың дәстүрлі емес сабақтар бойынша пікірлерінде қарама-қайшылықтар бар: Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова «Педагогикасында » біреулері педагогикалық ойлауда рогресс, мектептерді демократияландыру бағытында дұрыс қадам деп қараса, басқалары, керісінше, мұндай сабақтар педагоикалық қағидаларды қауіпті жағдайда бұзу, шындап еңбек ету қолынан келмейтін және оны қаламайтын жалқау оқушылардың қысымымен педагогтардың амалсыз кейін шегінуі – деп осы мәселе жайында өз көзқарасындағы пікір қайшылықтарын алға тартпақ. Оның бұл еңбегінде көптеп таралған дәстүрлі емес сабақтардың 36 түрін ұсынады.

М.Жұмабаевтың «Педагогикасында», Ю.К. Бабанскийдің «Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе», Г.Қ.Нұрғалиева «Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсында» дәстүрлі емес сабақтардың түсінігі мен олардың қолдануын зерттеген.

«Экономка негіздері» № 2-3, 2010ж., № 1, 2009ж. журнал басылымдарында дәстүрлі емес сабақ түрлерін қарастырып кеткен.

«Оқыту – тәрбиелеу технологиясы» атты педагогикалық журналдарда М.Бакирова, 3.2010ж., Қ.Саркина, «Конференция» 3.2010ж., Л.Тоқтарғазина «Іскерлік ойындар», 1.2010ж., Ж.Нұсанова, «Сайыс сабағы» 1.2010ж., Б.Ә.Мамедалиева «Экономика оқытудың иновациялық тәсілдері» 4.2010ж. мақалаларында дәстүрлі емес сабақ түрлерінің бірнешеуіне мысалдар келтіріп көрсеткен.

П.И. Пидкасистого, В .Оконь. Н.Асанов ,С.И.Бейсенбаева.С.И. П.В. Алексеев еңбектерінде де сабақ түрлерін, соның ішінде дәстүрлі емес сабақтарды зерттеген.

Әрине, дәстүрлі емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесі бар күнделікті оқу жұмыстарына қарағанда әдеттегідей емес ой, ұйымдастыру, өткізу тәсілдері оқушыларға өте ұнайды.

Дегенменде әр оқулықтарда зертеушілер мұғалімдерге оқыту жұмысында осындай тәсілдерді көптеп сабақтар жүйесінде пайдалануға кеңес береді.

Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны саналатын орта білім беру мекемелерінің жастарға саналы тәрбие, сапалы білім беріп, ұлтжанды азамат етіп қалыптастыруда атқарар рөлі зор екені даусыз. Соның ішінде құқық және экономика пәндерінен дәстүрлі емес сабақ беру мәселесін қарастыру. Оқушыларға құқық және экономика пәндерін толығымен жетік түсіндіру үшін қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз түрлерін де пайдалану. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат – әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра кету, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Күнделікті дәстүрлі калассикалық сабақтарды қолдана беру оқушылардың қызығушылығын жоғалтуыда мүмкін екеннін білеміз. Сондықтанда күнделікті өткізетін сабақтың ерекше болуы, оқушының білім алуы, мұғалімнің оқыту процесінде қызықты және сапалы өтуі өзекті мәселе екені айғақ.

Былайша айтқанда оқыту жұмысын ұйымдастырудың қандай да формасын қолданбайық, сабақтар жүйесінде олардың көздейтін мақсат-міндеттері, мазмұны өзара бір-бірімен байланыста, бірін-бірі толықтыратындай жағдайда, оқушылардың білім дәрежесін нығайтып, жетілдіруде едәуір көмек етеді.

Яғни, құқық және экономика пәндерінде дәстүрлі емес сабақ түрлерін зерттеп, оның оқушылардың білімдерін дамытуда қаншалықты дұрыс және бұрыс жақтары бар екеннін көрсетеди.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет