Берілген сөздерді мұқият оқып, орфография нормасына сай жазып көшіріңіз. Сөздер: бұрұн, сөйлөуге, мантиаларын, түлөктердің, күйлөрі, сиақты, сөнгөн, айақталмас.
Дескрипторы:
сөздерді мұқият оқиды;
орфография норма ережесін сақтайды;
сауатты жазады.
.
Өзіңді тексер!
Орфография нормасына сай жазылуы: бұрын, сөйлеуге, мантияларын, түлектердің, күйлері, сияқты, сөнген, аяқталмас.
Тапсырма №3
Жетістікке жету үшін өзіңізге қандай ұстанымдар міндеттейсіз? Тізімін жасап көріңіз.
Дескрипторы:
жетістікке жету жолын анықтайды;
ұстанымдарды нақтылайды;
тізімін құрып, жазады.
Өзіңді тексер!
Жетістікке жету жолындағы ұстанымдар:
1. Алдыңа мақсат қою;
2. Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену;
3. Іске дайын болу;
4. Адымыңды анық басу;
5. Алға ұмтылу;
6. Қорықпау, күмәнданбау;
7. Көңіліңді тоқ ұстау;
8. Жаңашыл болу;
9. Басқалармен кеңесу;
10. Тәуелсіз болу;
11. Біртұтасты бөлшектеу;
12. Жетістіктеріңнің қайдан келетінін ұмытпа.
2 мин
Бекіту
Бекіту сұрақтары: Білімің арқылы және жанарыңның от жанары арқылы алға ұмтылуды білдіңіздер.