ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
11. Әрқандай жаза педагогикалық
әдептілікті, жас кезеңдері психологиясын,
сонымен бірге тек жазамен істі оңғаруға
болмайтынын түсінген жөн. Осыдан да
жаза басқа тәрбие әдістерімен бірлікті
қолданылады.
Соңғы жылдары дәстүрлі ықпал әдістеріне
қосымша субъектив-прагматикалық әдіс-
тің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерт-
теу лер мен практика нақтылағандай, бүгін-
гі жастардың ерекшелігі – өмірге деген
праг ма тикалық (пайдакүнемдік) қатынасы.
Осыдан қазіргі заман оқушысы өзіне, өз
жолдас тарына тәрбие маған не береді, неге,
қай уақытта ол қажет, одан түсер пай да
қандай және қаншалықты деген сұрақ тар-
ды жиі қоятын болды. Осы секілді пай да-
кү немдік – прагматикалық бағытты ескере
отырып, кейбір шет ел педагогикалық
жүйелері тәрбие процесін оқытушы мен
оқушы арасындағы коммерциялық қатынас
сипатында бағалайды. Ал мұндай қатынас
өзегі – пайда. Әдіс әлі қалыптасып, ресми
қабылданған емес, бірақ тұрмыста оқытушы
мен оқушылар арасында түзілетін келісім-
шарттар жүйесімен біртіндеп тұрақтануда.
Субъектив – прагматикалық әдіс негізі
– тәрбиесіздік пен білімсіздіктің, тәртіп
пен қоғамдық талаптарды өрескел бұзудың
пайдасыз екенін түсінуде. Қоғамдық және
экономикалық қатынастар баланы ерте
жастан қатаң конкуренттік тайталасқа
қосып, өмірге тыңғылықты дайындық
көруге мәжбүрлейді. Осыдан да нарықтық
экономикаға ертерек көшіп, дамыған
елдердегі мектептік білім мен тәрбие
қарапайым тұрмыс-тіршілік қажетіне (ути-
ли тар ное) бағытталып, басты мақсат – шә-
кірт терді оқу орнын бітірген соң жұмыс
табу, тіршілік қамын жасауға тәрбиелейді.
Субъектив – прагматикалық әдістің нақты
іске асыру жолдары төмендегідей:
- тараптар міндеттері анық көрсетіліп,
тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасында
жасалған келісім-шарт (контракт);
- тәрбиешілер және ата-аналар ортасында
келісіммен түзілген жеке өзіндік жетілу
бағдарламасы (өзіндік тәрбие мазмұны);
- жеке қызығушылықты арттыру үшін
оқушылар қалаулары бойынша түзілген
төлемді оқу-тәрбие топтары;
- құқық бұзуға бейімді балалармен тәрбие
– сақтандыру жұмыстарын алып баруға
арналған «тәрбиешілік топтары»;
- ең соңғы техникалық құралдар және
электронды – есептеу машиналары жәр де-
мі мен тәрбиеленушілердің мінез-құлығын,
әлеу меттік дамуын үздіксіз бақылауға алу,
яғ ни, мониторинг жүргізу;
- техникалық құралдармен жинақталған
сандық және сапалық көрсеткіштер нәтижесі
негізінде тәрбиеленушінің жеке-дара даму
бағытын анықтап, тұлғаның қажетті қасиет-
сапаларын алдын ала жоспарланған арнада
тәрбиелеудің «сценариін» түзу;
- ұдайы өткізіліп тұратын ойын, жарыс,
кур старға байланысты әрбір оқу шы ның
тәр биелік, әлеуметтік кемел, аза мат тық
дәрежесін анықтау үшін ұйым дас ты ры ла ты-
ны тест-байқаулар;
- тәртіп бұзушыларды жазалау мақсатында
қолданылатын айыппұл төлету, құқықтары
мен еркіндігінен айыру, әлеуметтік-қоғамдық
басымдықтарын (привилегии) алып тастау
және т.б. секілді шараларды пайдалану.
Бұл әдіс, әзірше еліміз мектептерінде
кең өріс ала алмай отыр. Дегенмен,
тұрмысымызға қарқындай еніп жатқан әлеу-
мет тік және экономикалық өзгерістер уақыт
оз дырмай, тәрбие процесінің маңызды
шарт тарының бірі ретінде субъектив-
прагматикалық әдістің алғы шепке шығуы –
заңды күтілетін құбылыс.
Оқыту әдістерінің барлығы ретімен білім,
білік, дағдыны қалыптастыруға ба ғыт тал -
ған. Ынталандыру әдістерінің олардан айыр -
машылығы, мұғалім мен оқушы ара сын -
дағы өзара байланыс іс-әрекеттерінің соң ғы
нәтижесінде тәрбиелі тұлғаның са па лы даму
деңгейін анықтайды. Тәрбие мақ са ты жемісті
болу үшін тәрбие әдістерін тиім ді пайдалану
қажет. Әдістердің бірлігі оқу шылардың даму
деңгейін анықтап, әрбір кез де адекватты
қойылған мақсатты іске асыруға бағытталады.
29
Достарыңызбен бөлісу: |