Сабақ жоспары
|
Н 3-9.09-2022
1 баспа 02.02.2022
|
|
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті»
Қаратау тау-кен технолгиялық колледжі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
___ Жүргізу шарттары бойынша химиялық технология процестерді сипаттайды.
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы Химиялық өнім өндірудің технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу
Дайындаған педагог __Ж.Муталипова __
20_ жылғы «__» ____________
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ _1Курс 2022жылБқ-22-2,Эқ22-1,АҚП-22-2
Сабақ типі Аралас сабақ
2. Мақсаты: .1.2 Химиялық-технологиялық процестердің жіктелу
Міндеттері: - Химиялық-технологиялық процестерді жіктеуді үйрену;
- зерттеудің тиімді жолдарын анықтау ;
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар; анықтамалық әдебиеттер
3.2 Техникалық құралдар;өз бетінше жұмыс жасауға үлестірмелі материалдар
4. Сабақтың барысы
I-Ұйымдастыру.
II-Өткенді қайталау
IV-Жаңа сабақты меңгеру. 1.2. Химиялық-технологиялық үдеріс
Шикізат жəне материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен үдерістердің жиынтығын технологиялық үдеріс деп атайды.
Химиялық өндіріс үдерісінде бастапқы зат (шикізат) соңғы (мақ- сатты) өнімге дейін өңделеді. Бұл:
– негізгі химиялық үдеріс:
– шикізатты дайындау (реакциялық қабілетті күйге ауыстыру);
– шикізат компоненттерінің өзара химиялық əрекеттесуі;
– алынған реакциялық қоспаны соңына дейін өңдеу сияқты бірнеше
операциялармен жүзеге асырылады.
Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп
жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды.
Жалпы алғанда химиялық-технологиялық үдеріс – кезектесіп жүретін үш сатыдан тұрады:
1. Шикізатты химиялық өңдеуге дайындау:
// AA;BB,
мұндағы, А, В – дайындауға дейінгі шикізат; А1, В1 – дайындалған шикізат;
2. Дайындалған шикізаттың реакция өніміне дейін химиялық өзгерісі екі сызбанұсқамен жүреді:
A + B C (негізгі реакция);
A + B P (қосымша реакция),
мұндағы С – мақсатты өнім; Р – қосымша өнім.
3. Реакциялық қоспадан мақсатты өнімді бөлу жəне оны тазалау:
C C/; P P/ ,
мұндағы,С1 – бөлінген мақсатты өнім; Р1 – бөлінген қосымша өнім.
2-сурет. ХТҮ-нің принципиалды сызбанұсқасы 8
ХТҮ-нің екінші сатысы – химиялық үдеріс, 1,3-физикалық үдеріс (механикалық, физикалық, физикалық-химиялық операциялардан құралған).
Əрбір сатының эффективті түрде жүзеге асырылуы үшін кейбір шарт- ты сақтау қажет. Сондықтан əрбір нақты ХТҮ-ке сəйкес технологиялық режим жасалады.
Технологиялық режим деп ХТҮ-ті максималды эффективті жəне тұрақты жүргізуді қамтамасыз ететін параметрлердің жиынтығын ай- тады.
Технологиялық режим параметрлері деп қандай да бір аппараттың немесе оның жұмыс істеу режимін сипаттайтын жəне жұмысының негізгі көрсеткіші ретінде қолданылатын шаманы айтады.
Параметр – сандық шама, сондықтан үдерісті сандық жағынан бағалау үшін қолданылады. Параметр мəні – нақты ХТҮ типіне жəне аппараттың конструкциясына байланысты.
ХТҮ-тің негізгі параметрлері: температура, қысым, реагенттер концентрациясы, катализатор сипаттамасы, реагенттердің жанасу ұзақтығы, реагент ағысының көлемдік жылдамдығы жəне т.б.
ХТҮ-ті жүргізудің оптималды шарты: берілген сападағы мақсатты өнімнің жоғары шығымы, жоғары жылдамдық, төмен өзіндік құн, қоршаған ортаны мейілінше аз ластау.
Күрделі ХТҮ-тің маңызды сатысы – химиялық үдеріс (жылу жəне масса алмасу үдерістерімен жүретін бір немесе бірнеше химиялық ре- акциялар). Осыдан, химиялық реакция – ХТҮ-тің анықтаушы сатысы.
Химиялық-технологиялық үдерістердің жиынтығын келесі жеке үдерістермен операциялардың түріне байланысты бөліп жіктеуге бо- лады:
Механикалық жəне гидромеханикалық үдерістер – материалдардың ауысуы, олардың түрі жəне өлшемінің өзгеруі, сығылуы жəне ұлғаюы, ағыстардың араласуы жəне бөлінуі. Мұның бəрі өңделетін материалдың химиялық жəне фазалық құрамының өзгеруінсіз жүреді. Бұл үдерісті жүргізу үшін транспортерлер, ұнтақтағыш, диспергаторлар, компрес- сорлар, насостар, араластырғыштар, сүзгіштер, формаға келтіргіш қолданылады.
Жылу алмасу үдерістері – қыздыру, салқындату, фазалық күйдің өзгеруі. Мұнда химиялық жəне фазалық құрамы өзгермейді. Бұл үде- рістер жылуалмастырғыштарда, конденсаторларда, қайнатқыштарда, балқытқыштарда, сублиматорларда жүреді.
Масса алмасу үдерістері – фазааралық алмасу, нəтижесінде 9 химиялық құрамының өзгеруінсіз жанасатын фазалардың компоненттік құрамы өзгереді, яғни химиялық өзгеріс жүреді. Бұл үдеріске еру, крис- талдану, кептіру, дистилляция, ректификация, абсорбция, экстракция, десорбция жатады. Олар кептіргіште, дистилляторларда, ректифика- торларда, абсорберлерде, экстракторларда, десорберлерде жүргізіледі.
Химиялық үдерістер – химиялық реакторларда материалдардың химиялық құрамының толығымен өзгеруі.
Энергетикалық үдерістер – турбиналарда, генераторларда, мотор- ларда əртүрлі энергиялардың (жылу, механикалық, электрлік) өзара түрленуі.
Басқару үдерістері – ағыстар жəне заттардың күйі, олардың күйлерінің өзгерісі туралы ақпаратты алу жəне жіберу. Басқару құрылғыларына датчиктер, сигналды жəне ақпаратты жүйелер, клапан- дар, вентилдер, автоматты реттеу жүйелері жəне т.б. жатады.
Қандай да бір кез келген үдерісте бірмезетте жиі екі жəне одан да көп құбылыс орын алады. Мұндай жағдайда үдерісті жалпы технологиялық үдерістегі негізгі орынына сəйкес жіктейді. Мысалы, компрессорда газды сығу оның қыздырылуы арқылы жүреді, бірақ негізгі белгісі бо- йынша бұл механикалық үдеріс болып табылады. Сонымен бірге детан- дерде сығылған газ салқындау арқылы механикалық жұмыс жасайды. Белгісі бойынша бұл үдеріс салқындатқыш шығаруға арналған жылу алмасу үдерісіне жатады.
Бақылау сұрақтары
1. Химиялық технологияның анықтамасын беріңіздер және ол анықтаманы түсіндіріңіздер.
2. Химиялық технологияның зерттеу объектісі не?
3. «Химиялық технология» термині оның нақты ғылым ретіндегі түсінігінен басқа қандай жағдайларда қолданылады?
4. Химиялық технологияның өнеркәсіптік салалары, қолданылатын шикізат, өндіріс қалдықтары нышандары бойынша жіктелуін ұсыныңыздар.
5. Сабақ бойынша рефлексия (сабақты бекіту және қортындылау)
Бекіту;жаттығу.
Пән оқытушысы ___________ /__ Ж.Муталипова
ЦӘК төрағасы (төрайымы) ___________ /_______________/
Достарыңызбен бөлісу: |