Сабақ Тірі табиғаттың дене құрылысы. Ағзалардың көбею формалары



бет1/3
Дата31.12.2021
өлшемі16,64 Kb.
#22073
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Жаратылыстану БК115


ІІ бөлім

Биосфера

Тақырыбы: Практикалық сабақ

Тірі табиғаттың дене құрылысы.

Ағзалардың көбею формалары.

Пәні: Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі

Оқытушы: Жаркаева Ботагоз Кунанбаевна

Тобы: БК-115

Күні: 30.10. 2021 ж.

Сабақтың мақсаты: Тірі ағзалардың маңызы мен түрлері және әр қайсысының өзіндік дене құрылысы, ерекшеліктері, көбею формаларына тоқталу.

Әдістемелік нұсқау: Берілген материалға жалпы шолу жасау.

Тапсырмаларды ретімен , нақты орындау.




Тірі табиғат дүниесі. Тірі табиғат дүниесі дегеніміз - биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: вирустар дүниесі, бытыранықтар дүниесі, саңырауқұлақтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі.
1 тапсырма: Вирустар суретін салу, анықтау, сипаттама жасау.

Вирус латынша «у» деген сөз. Бұл жасушасыз тірлік құрылымындағы затия. Бұлардың көпшілігін тек электрондық микроскопия ғана көруге болады. Вирустар тек тірі жасушағаорнықса ғана көбейе алады. Жасушаға ене алмаған жағдайда вирустарда тіршілік нышаны байқалмайды. Вирустар тірі жасушадан тыс қалса, кәдімгі қосылыс тәрізді жеке бөлшек күйінде болады.

2 тапсырма: Бактериялар суретін салу, анықтау, сипаттама беру.

Бұған микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады. Бұл топтағы бактериялар күрделі бөліне алмайтын жеке-жеке түйіртпектерден құралатындықтан, бытыранықтар дүниесіне қамтылған. Бытыранық «бытыра» + «нық» сөздерінен құралған. (Орысша «дробянка», латынша «михи», яғни түйіртпектер. ) Ботаникада дәстүрлі түрде көк-жасыл балдырлар деп аталғанымен, микробиологиялық әдебиеттерде цианобактерия (грекше «цианос» көк және «бактерия» таяқша) атауы да сақталған.

3 тапсырма: Саңырауқұлақтар суретін салу, анықтау, сипаттама беру.

Ботаниктер саңырауқұлақтар мен қыналарды төменгі сатылары өсімдіктерге жатқызып келді. Бірақ бұлар өсімдіктерге жақын ағзалар болғанымен, олардың құрылысы ерекше. Сондықтан олар кейінгі кезде өсімдіктер дүниесінен алынып, саңырауқұлақтар дүниесіне топтастырылды. Саңырауқұлақтардың екі түрлі қасиеті бар. Бірінші қасиеті - өсімдіктерге тән. Саңырауқұлақтар орнынан қозғалып жүрмейді. Жасушасы тығыз қабықшамен қапталады. Витаминдер синтездей алады. Екінші қасиеті - жануарларға тән. Жасушасында пластидтер болмағандықтан, ағзалы зат түзбейді. Даяр ағзалық заттарменқоректенеді. Жасуша қабықшасы хитинді. Ағзалық заттарды қорға жинайды. Сондықтан бұлар өз алдына жеке дүниеге жіктеледі.

4 тапсырма: Қыналар суретін салу, анықтау, сипаттама беру.

Қыналар бұрын өсімдіктер қатарында деп саналған. Қазіргі кезде құрылысшы ерекше болғандықтан, саңырауқұлақтар дүниесіне жатқызылады. Ол - сирек кездесетін, құрам бөлігінде көк-жасыл балдырлар мен саңырауқұлақ үйлескен бірегей ағза. Өсімдіктер, жануарлар дүниелері жеке бөлімдерде қарастырылады. Тірі ағзаның негізгі қасиеттері: зат алмасу; қоректену; тынысалу; қажетсіз заттарды бөлу (зәршығару); тітіркенгіштік; қозғалу; көбею; өсу; даму және тіршілігін жою.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет