Сабақ Топ деңгейі: жоғары Сабақтың тақырыбы: Диктант «Үздік тауарлар көрмесі». Мәтінді тыңдаңыз, латын қарпінде жазыңыз



бет2/4
Дата14.10.2023
өлшемі60,06 Kb.
#115006
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
jogary 25 26

26-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Артық болмас білгенің
Грамматикалық тақырыбы: Шартты рай (қайталау).
Мәтінді оқыңыз.
«Jaýynmenen jer kógerer, batamenen er kógerer», - dep aıtyp ketken bizdiń ata-babalarymyz. «Bata»» - arabtyń «fateke» degen sóziniń qazaqsha aıtylý túri.
Bata berý – adal nıet, jaqsy tilek bildirýdiń ulttyq dástúri. Halyq aq batadan rýhanı qýat alady, ol jaqsylyqqa jol ashady dep senedi.
Iaǵnı, bata, fatekeniń maǵynasy alǵys aıtý, aq nıet, aq tilek bildirý.
1-тапсырма. Жаңа сөздермен танысу.
Аяқ жазып отыру – сесть расправив ноги
әл – сила, мощь
қауіп – опасность
мән – смысл
медициналық көрсеткіштер – медицинские показатели
орнынан қозғалмау – не двигаться с места
талдау жасау – сделать анализы
ұстану – придерживаться
үндеу – агитация
шатастыру – перепутать, спутать
белсенді өмір салты – активный образ жизни

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.
Көп жүрген адам көп жасайды екен...
Ұзақ өмір сүргіңіз келмесе, отырған орныңыздан қозғалмаңыз. Сіздің бүкіл ғұмырыңыздың аяқ-қолыңызға байланысты. Егер аяқтан әл кетіп жатса, онда өміріңізден мән де кетеді.
«British Medical Journal» журналының анықтауынша, адамның өмір сүру ұзақтығы мен оның қозғалмауы арасында тығыз байланыс бар болып шыққан. Аталған тұжырымға 167 мың адамның статистикалық мәліметіне жүргізілген талдау себеп болған.
Соңғы төрт-бес жыл бойы жүргізілген зерттеулерде 167 000 адамның медициналық көрсеткіші нысанға алынған. Медициналық көрсеткішке көз жіберсек, күніне бір жерде үш сағаттан көп отырмайтын адамның ғұмыры екі жылға дейін ұзарады екен. Ал теледидарды екі сағаттан артық қарамайтын адам 1,4 жылға ұзақ өмір сүретін болып шыққан. Ұзақ отырудың өмірді қысқарту қаупі 27%-ға, теледидар қараудың қаупі 19%-ға тең екен. Қазіргі таңда ғалымдар көп жасау үшін белсенді өсір салтын ұстануға шақыруда.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сіз «көп қимылдау – ұзақ өмір сүру кепілдігі» деген ұстаныммен келісесіз бе?

  2. Сіз спортпен аптасына қанша рет шұғылданасыз?

  3. Сізге «көбірек қимылдайтын» жұмыс ұнай ма әлде «көбірек отыратын» ба?


Грамматика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет