Адамгершілікке бет бұру - ізгі жүрек ізгілігінен, туған жері, еліндегі тұма бастаулар мен мінез ерекшеліктерін іздестіруге ұйытқы болды. Ал ойлы іс-әрекет еркіндігі, көркемдік және ғылыми-философиялық шығармашылық қарқынының ауқымдануы - адам болмысына және ел бірлігіне деген қызығушылықты арттырды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, дастанның идеялық композициясы төрт ұлы ұғымнан, төрт қымбат қасиеттерден: 1) шындық жолы, Әділет; 2) құт пен ырыс, Дәулет; 3) Ақыл менен парасат; 4) ұстамдылық, Қанағат ұстанымнан құрастырылуы тегін емес. Ж.Баласағұн ұстанымында мұндай жеке кісілік қасиеттер бір-бірімен тұрақты үйлескен.
Тақырып бойынша бақылау сұрағы Этиканың алтын заңын ұсынған қытай ойшылы?
Сюн цзы
Ким Ли
Конфуций
Лао цзы
10 Дәріс. Еркіндік философиясы
Жоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Философия тарихындағы еркіндік ұғымы. Адам және оның еркіндігі (Б. Спиноза).
2. М. Хайдеггердің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы..
3. Еркіндік пен жауапкершілік: Ж.П. Сартр. Еркіндік және абсурд: А. Камю. Н.А. Бердяевтің еркіндік концепциясы.