Әбубәкір Кердері Батыс Қазақстанда өмірге келіп, барлық өмірі Ақтөбеде өткен. Діни бағытты ұстаған. Шыққан тегі Кердері деген рудан.
Әбубәкір өлеңдерінің негізгі тақырыптары: заман жайы, қазақ халқының бұрынғы, ақын тұсындағы хал-жайы, халыққа, замандастарына, кейбір жеке адамдарға уағыз, кеңес, оқу, ғылым, өнер, дін, мінез, қылық, өз ахуалы болып келеді.
Әбубәкірдің ой-пікірі, бағыт, көзқарасы толқымалы, біріне-бірі қарама-қарсы, шытырман қайшылықты. Ол өзі сөз еткен тақырыптарының кейбірінде біресе былай, біресе олай деп, бір-біріне қайшы екі түрлі ой түйеді. Мысалы, өз заманын, қазақ халқының өз тұсындағы хал жайын сөз еткенде, ақын оны біресе мақтайды.
Ер шауып, ағаштан туйін түйіп, тыным таппай, шоқандап отыратындықтан, жеңгелері «Шоқан» атаған. Ел арасындағы осы лақап атымен бірқатар зерттеушілер Әбубәкірді Шоқанұлы деп келді.
Достарыңызбен бөлісу: |