Сабақ№12 Орындаған: Қуанбекова д курс: 2курс Мамандығы: Жалпы медицина Тобы: 209Б



Дата22.05.2022
өлшемі46,02 Kb.
#35284
түріСабақ
Байланысты:
Ибрагимова Дилшода патан прак 13


МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ


Тәжірибелік сабақ№12


Орындаған: Қуанбекова Д
Курс:2курс
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы: 209Б
Қабылдаған: Жумакинбай Азигуль

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ.



  1. "Лейкемия" ұғымдарының анықтамасын біліңіз.

Лейкоздар — жүйелік ісіктік аурулар.
А. Жедел лейкоздар: 1) толыспаган (недиференцированный); 2) миелобластты; 3) лимфобластты; 4) плазмабластты; 5) монобластты (миеломонобластты); 6) эритромиелобластты (ди Гульельмо); 7) мегакариобластты.
Б. Созылмалы лейкоздар.
— Миелоцит текті: 1) созылмалы миелоидтық; 2) созылмалы
эритромиелоз; 3) эритремия; 4) шынайы полицитемия (Вакез-Ослер
синдромы).
— Лимфоцит текті: 1) созылмалы лимфолейкоз; 2) тері лимфоматозы (Сезари ауруы); 3) парапротеинемиялы лейкоз: а) миеломалы
ауру; б) біріншілік макроглобулинемия (Вальденстрем ауруы); в) ауыр
тізбектік ауру (Франклин ауруы).
— Моноцит текті: 1) созылмалы моноцитті лейкоз; 2) гистиоцитоздар (X гистиоцитоз).
I I. Лимфомалар — аймақтық ісіктік аурулар.
— Лимфосаркома: лимфоцитті, пролимфоцитті, лимфобластты, иммунбластты, лимфоплазмацитті, африкалық лимфома (Беркитт ауруы).
— Саңырауқұлақ тэрізді микоз.
— Сезари ауруы.
— Ретикулосаркома.
— Лимфогранулематоз (Ходжкин ауруы)

  1. Жедел және созылмалы лейкемия кезіндегі әртүрлі органдардағы патоморфологиялық өзгерістердің мәнін, жіктелуін, мәнін білу.

Созылмалы лейкоздар гемопоэздің толық жетілмеген жасушаларының
қай қатарынан дамығанына байланысты: 1) миелоцит текті, 2) лимфоцит текті, 3) моноцит текті түрлерге бөлінеді. Созылмалы миелоцит текті лейкоздарға созылмалы миелоидты лейкоз, созылмалы эритромиелоз, эритремия, шынайы полицитемия жатады. Лимфоциттер ңатарынан өрбитін созылмалы лейкоздар тобына созылмалы лимфолейкоз, тері лимфоматозы (Сезари ауруы) жэне парапротеинемиялы лейкоздар (миеломды ауру, яғни плазмацитома; Вальденстремнің біріншілік макроглобулинемиясы; Франклиннің ауыр тізбектік ауруы) кіреді. Созылмалы моноцит текті лейкоздарға моноцитті (миеломоноцитті) лейкоз бен гистиоцитоздар (Х-гистиоцитоз) жатқызылып жүр («Қанжасам тіні мен лимфалық тіндер ісіктерінің классификациясын» қара).
Патологиялық анатомиясы. Жедел жэне созылмалы ағымды лейкоздар
мен олардыц эр алуан түрлерінің эрқайсысында едэуір патоморфологиялық
ерекшеліктер бар.
Жедел лейкозды анықтау үшін сүйек кемігінен (төссүйегінің пунктатынан) бластылыц жасушалар табылуы қажет. Бүл жасушалар 10-
20%-ға жеткен кезде, мықын сүйегінің қырынан алынған трепанаттан
да бластылық жасушалар шоғырын байқауға болады. Жедел лейкозға
шалдыққандардың перифериялық (шеткі) қаны мен миелограммасынан
лейкемиялың цүлдырау {hiatus leucemicus) деп аталатын нышан көрініс
береді; яғни қан арнасында бластылық жасушалар күрт көбейіп, қанның
толық жетілген элементтері де пайда болады, бірақ лейкопоэздің аралық
буындары мүлде жойылып кетеді.

  1. Парапротеинемиялық лейкоздарды тізімдей білу және миелома ауруының морфологиялық сипаттамасын білу.

Парапротеинемиялы лейкоздар. Бү_л топ В-лимфоциттер жүйесіне
жататын жасушалардан (плазмациттердің ізашарларынан) дамитын лейкоздар түрін қамтиды. Ал, В-лимфоциттердің гуморальдық иммунитетті
қамтамасыз ететіні белгілі. Қатерлі иммун-пролиферациялы аурулар деп
те аталып жүрген, бул парапротеинемиялы лейкоздар тобының басты
ерекшелігі — ісік жасушаларының біртекті иммунды глобулиндерді немесе
олардың фрагменттері парапротеиндерді (PIg-патологиялық, немесе моноклонды, иммунды глобулиндерді) түзетінінде. Парапротеинемиялы лейкоздар тобына жататын миеломалы аурудың жэне Вальденстремнің біріншілік макроглобулинемиясы мен Франклиннің ауыр тізбектік ауруының бүкіл
клиника-морфологиялық ерекшеліктері осы иммунды глобулиндер патологиясына негізделген.
Миеломалы ауру — жиі кездесетін ауру. Оны алғашқы рет О.А. Рустицкий (1873) мен Калер (1887) сипаттаган. Бул ауру гемопоэздің лимфоцитплазмациттер қатарынан туындайтын ісіктік жасушалар — миеломальщ
жасушалардыц көбеюіне негізделеді. Миеломальщ жасушалар (136-сурет)
сүйек кемігінде, одан баска да жерлерде шогырланады. Сүйек кемігіндегі
миеломалы үдерістен сүйектің өзі де қатты зақымдалады.
4.Лейкоздағы өлімнің асқынулары мен негізгі себептерін атай білу.
Лейкоздар (лейкемия) — ісік текті қанжасамдық жасушалар (лейкоздың
жасушалар) өрши өсіп, қан жүйесін түгел қамтитын аурулар тобы. Ісік жасушалары эуелі қан жасайтын мүшелерде (сүйек кемігі, талақта, лимфалық
түйіндер) көбейіп, кейін қан арнасы арқылы басқа мүшелер мен тіндерге
жайылады жэне қан тамырларының төңірегі мен іргесіндегі интерстицийде
шоғырланады (лейкоздьщ, яғни лейкемияльщ инфилътраттар); мүшелердің
паренхималық
-
элементтері семіп, жойылады. Ісіктік жасушалар диффузды жайылып, мүшелерді (мысалы, талақ, бауыр, бүйрек, шажырқай) мен тіндерді үлғайтады, тіпті ісіктәрізді ошаңтар түзіп, мүшенің қабығы мен төңірегін де қамтиды. Ісіктің түйіндері көбіне шашыранды лейкоздық инфильтраттардан түзіледі, кейде бірден ісік түйіні пайда болып, кейін ол лейкоздық ошақтарға бастау болады.
Лейкоздық жасушалардың қанға араласуы лейкозға тэн бейне. Бүл жасушалар мүшелер мен тіндерде тоқтаусыз көбейіп, қанды жайлап, анемия мен геморрагиялы синдромға, паренхималы мүшелерді ауыр ағымды дистрофияға үшыратады. Лейкоз иммунитетті элсіретеді, сондықтан ауыр эсерлі некрозды ойьщ жаралар қалыптасып, инфекцияльщ үдерісте асқынып, сепсис өрбиді.
Созылмалы миелолейкоздың ағымы қатерсіз болғанмен, кейде бластльщ
криз қосарланып, науқас адам ауруы организмді түгел жайлағандықтан
(генерализация) қайтыс болады. Дегенмен, науқастар, эдетте инфекциялық
немесе аутоиммундық үдерістерден өледі.
Мәйітті зерттегенде басты өзгерістер сүйек кемігінде, лимфалық
түйіндерде, талақта, бауырда жэне бүйректе өрістегені байқалады.
Жалпақ сүйектер мен жіліктердің сүйек кемігі миелоидтық
лейкоздағыдай қызыл түсті болады, бірақ жілік майы ондағыдай толық жойылмайды, сары түсті майлы ошақ сияқтанып диафиздерде сақталып қалады.
Гистологиялық тэсілмен зерттеп, сүйек тінінен ісіктік жасушалардан
(134-сурет) түзілген ошақтарды көреміз. Ауру меңдесе, сүйек кемігіндегі
миелоидтық тінді лейкоздьщ лимфоцитті шогырлар ығыстырып, кішігірім
қан жасайтын миелоидтық үялар ғана қалады.
Денедегі бщтьщлимфалың түйіндер үлғайып, бірігіп, өте ірі, жүмсақтау
немесе қаттылау қүрылымдар қалыптастырады; кесінделері шырынды,
ақшыл қызғылт түсті. Бадамша бездің, ішектің топтасқан жэне солитарлы
лимфалық фолликулдары да үлғайып, олардың да тіні ақшыл қызғылт түсті
болады. Лимфалық түйіндер мен қүрылымдардың тінін лейкоздьщ жасушалар жайлап, қалыпты қүрылысын бүзып, үлғайтады. Кейде лимфоциттер
лимфалық түйіндердің қабығын жайлап, төңірегіндегі басқа да тіндерге
жайылып кетеді.




Алматы, 2021


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет