Схема 1. Гендік аурулардың патогенезі Осылайша, гендік ауруларда белок өнімдеріндегі өзгерістердің екі түрі байқалады:
• аурулардың бірінші тобы құрылымдық гендердің мутациясынан туындайды – ол белок молекулаларының сапалық өзгерістерімен, яғни науқастарда аномальды белоктардың болуымен көрінеді;
• аурулардың екінші тобы функционалдық гендердің мутациясынан туындайды – ол жасушадағы қалыпты белок құрамының сандық өзгеруімен (көбеюі, азаюы) арқылы көрінеді.
Жоғарыда айтылғандардан мутантты гендердің негізгі әсерлері төрт жолмен көрінуі мүмкін екендігі шығады:
•полипептидтер синтезінің болмауы
•аномальды полипептидтің синтезі
• полипептидтің сандық жеткіліксіз синтезі
•сандық шамадан тыс полипептид синтезі.
Ферменттердің белсенділігінің болмауы немесе төмендеуі нәтижесінде жинақталатын заттар не өзі токсикалық әсер етеді, не екінші реттік алмасу процестерінің тізбегіне енеді, нәтижесінде улы өнімдер түзіледі.
Фенилкетонурияның ашылуы 1934 жылы гиперфенилаланинемияны сипаттаған норвегиялық дәрігер Ивар Асбьерн Феллингтің есімімен байланысты. Норвегияда ауру "Феллинг ауруы" (норв. Føllings sykdom) деп аталады.Табысты ем алғаш рет Англияда (Бирмингем балалар госпиталі) XX ғасырдың 50-ші жылдарының басында Хорст Биккельдің басшылығымен медиктер тобымен әзірленді және өткізілді, алайда ауруды болжауда және емдеуде нағыз жетістік тек жаңа туған нәрестелердің қанында фенилаланиннің жоғары мөлшері бойынша фенилкетонурияны ерте диагностикалауды кеңірек қолданғаннан кейін ғана келді (1958-1961 жж.әзірленген және енгізілген Гатри әдісі).
Фенилкетонурия (ФКУ) - адамның ақуыздық айналымына қатысатын бірқатар ферменттік жүйелердің, атап айтқанда, фенилаланиннің тектік құрылымдарының бұзылуына байланысты туындайтын тұқым қуалайтын ауру. Фенилкетонурия (ФКУ) – организмде фенилаланин деп аталатын амин қышқылының жиналуын туындайтын сирек кездесетін генетикалық ауру. Амин қышқылдары ақуыздың құрылыс материалы болып табылады. Фенилаланин барлық ақуыздарда және кейбір жасанды тәттілендіргіштерде кездеседі. Фенилаланин амин қышқылын адам ағзасында гидроксилаза ферменті тирозинге айналдырады. ФКУ фенилаланинді ыдырататын гидроксилаза ферментін түзетін гендегі ақаудан туындайды. Бұл фермент жетіспесе, адам ағзасы фенилаланинді ыдырата алмайды. Бұл адам ағзасында фенилаланиннің жиналуына әкеліп соқтырады.
Фенилкетонурия белгілері
ФКУ симптомдары жеңілден ауырға дейін өзгеруі мүмкін. Бұл бұзылыстың ең ауыр түрі классикалық ФКУ деп аталады. Классикалық ФКУ бар нәресте өмірінің алғашқы бірнеше айында қалыпты болып көрінуі мүмкін. Алайда осы аралықта нәрестеде ауру анықталмаса және емделмесе, төмендегідей клиникалық белгілер 6 айдан кейін көріне бастайды. Аурудың клиникалық белгілері:
Балаларда терісі мен шаштарының ақшыл түсті болуы
Терілерінде экзема дерматид көп байкалады
Зәр мен терден жағымсыз «Көктің» «Тышқанның» «Иттің» иістің байқалуы
Шамадан тыс тез салмақ қосу
Ең үлкен еңбегінің тез бітісуі
Ойлау қабілетінің арта қалуы (65% жағдайда- ауыр, 31,8% - орта , 3,2%- жеңіл түрі)
Сөйлеу қабілетінің нашар дауы немесе оның мүлдем болмауы
Эпилептиформды талмалар
Бұлшық ет тонусының бұзылуы
Қозғалыстың нашар координациясы
Фенилкетонурия себептері
Муковисцидоз немесе ұйқы безінің кистозды фиброзы орта есеппен әр жаңа туған балаға шаққанда1:6000 құрайды. Ген 7 хромосоманың (7q31.2) ұзын иінінде карталанған және 24 экзоннан тұрады. Мутацияның негізгі түрі-қысқаша делециялар мен бір нуклеотидті ауысулар.
Мутациялардың көпшілігін полипептидті тізбектің 508 позициясындағы фенилаланин
аминқышқылының болмауына алып келетін (50-70 %) геннің (del F508) 10 экзонындағы
үш нуклеотидтің делециялар құрайды. Мутациялардың жалпы саны 800-ден асады.
Науқастардың көбінде мутантты аллельдер (бір геннің екі әртүрлі рецессивті мутациясы
бойынша компаундтар) әртүрлері болады.
Ген 1480 аминқышқылынан тұратын «өткізгіштікті муковисцидоздық трансмембраналық
реттеуші» (ӨМТР) ақуыз синтезін бақылайды.
Ген өзінің қызметін экзокринді бездерде көрсетеді, жасушалық мембрана арқылы хлор
мен натрий иондары тасымалын қамтамасыз етеді.
Мутантты ген (ақуыз) бронх және ішектің, ұйқы безі мен аталық бездердің, мұрынның
қуысының бөлетін шырыштарының секреттерінің тұтқырлығын жоғарылайды, бұл оның
шығуына кедергі келтіреді, без жолдарының бітелуіне алып келеді.
Екінші реттік инфекцияның қосылуы бездің ісінуі мен қабынуына әкеледі, тұтқыр секрет
шамасын көбейтеді, бұл соңында созылмалы патологияға алып келеді.
Аурудың патогенезінде ұйқы безінің сөлінің сулы-электролитті компонентінің бұзылуы,
оның қоюланып, ішекке қарай өтуінің қиындауын туғызуы маңызды роль атқарады.
Осының әсерінен нәжіс массасының қалыптасуы бұзылады, ішектің өткізгіштігі төмендеп,
ұйқы безі ұлпалары кистозды-фиброзды өзгерістерге ұшырайды.
Муковицидоз негізінен клиникалық үш түрге бөлінеді: 1) өкпелік (15-20% ); 2) ішектік
(10 %); 3) аралас (75-80 %). 1-4 % жағдайларда аурудың абортивті және айқын емес
ағымды түрлері кезедседі. Бұл ауру баланың туғаннан кейінгі алғашқы айларында дамиды, тыныс алу, ас қорыту жүйелерінің зақымдалу белгілерімен көрінеді (ауру түріне қарай). Ауру балалардың бойы өсуі тежеліп, бұлшық еттері дамымай қалады. Бұл ауруды диагностикалау бронхо-өкпе жүйесі зақымдалу белгілеріне, ішек қызметінің бұзылуы мен ұйқы безі қызметінің бұзылуына, науқастың тер құрамында хлорид концентрациясы 60 ммоль/л жоғары болуына, ДНҚ талдауда мутантты геннің анықталуына негізделген.
ДНҚ диагностикасы аурулардың 80 % кездесетін мутацияның негізгі 6 түрін
анықтайды. Тікелей ДНҚ диагностикасы гендегі делеция мен инсерцияны ПТР әдісімен
полиакриламидті гельде алынған фрагменттердің ұзындығын талдаумен гетеродуплекстерді талдау арқылы анықталады.
Рестрикция сайтын жасайтын немесе оны жоятын барлық мутацияларды, сәйкес
эндонуклеазалардың қатысумен ПТР өнімінің рестрикциялау арқылы, мутация аймағын
амплификация көмегімен, бөлінген фрагменттерді электрофорездік талдау арқылы
анықтайды.
Бүйрек үсті безінің туа біткен гиперплазиясы (БЖҚ) – бүйрек үсті бездеріне әсер ететін тұқым қуалайтын аурулар тобы. Бүйрек үсті бездері кортизол және альдостерон гормондарын шығарады. CAH бұл бездердің осы екі гормонды толығымен немесе қалыпты мөлшерде өндіруіне кедергі келтіретін генетикалық ақаулардан туындайды. Кортизол кейде стресс гормоны деп аталады, өйткені ол стресс жағдайында шығарылады. Бұл қандағы қант деңгейін бақылауға көмектеседі. Альдостерон бүйректің жұмыс істеуіне және электролиттерді теңестіруге көмектеседі.
Бүйрек үсті бездері ағзаның өсуі мен дамуын реттейтін қанға көптеген гормондар шығарады. Адреногенитальды синдром-бұл бүйрек үсті безі функцияның бұзылуымен сипатталатын тұқым қуалайтын ауру. Аурудың классикалық ағымында бүйрек үсті бездеріндегі андрогендердің артық синтезі жүктіліктің 9-10 аптасында басталады, бұл жыныс мүшелерінің дұрыс қалыптаспауына әкеледі. 90% жағдайда аурудың дамуы гидроксилаза ферментінің болмауымен байланысты. Бұл гормон синтезінің ауыр бұзылуына әкеледі. Туа біткен адреногенитальды синдром популяцияда шамамен 5000 жаңа туған нәрестенің 1-де кездеседі. Ауру бүйрек үсті безінің қыртысының белсенділігінің жоғарылауымен және ер адамның жыныстық гормонының – қандағы концентрациясының жоғарылауымен бірге жүреді.
Адреногенитальды синдромның формалары:
Классикалық формасы балаларда 21-гидроксилазаның толық болмауымен және тұз алмасуының ауыр бұзылыстарымен сипатталады. Өмірінің алғашқы күндерінде жаңа туған нәрестеде қатты құсу, қан айналымының бұзылуы және дене салмағының төмендеуі байқалады. Кейінгі дегидратация калий мен натрий алмасуының және қышқыл-негіз балансының елеулі бұзылуына әкеледі.
Аурудың вирилдік формасы қыздарда ерлерге тән жыныстық белгілердің дамуымен бірге жүреді. «Әйел» генетикалық құрылымына қарамастан, туылған қыздардың сыртқы жыныс мүшелері еркектерге тән құрылымға ие болады. Бұл жалған әйел гермафродитизмі деп аталады.
Ұлдардағы аурудың вирильдік формасы бала туылғаннан кейін бірден анықталмайды, олардың жыныс мүшелері жынысына сәйкес келеді. 5-7 жаста оларда жыныстық жетілу белгілері көріне бастайды, соның негізінде бұл диагноз анықталады.
1-сурет. 21-гидроксилаза тапшылығы. Синтезі блокталған стероидтар боялу арқылы анықталып тұр.