|
Ұйымдастыру кезеңі
Білу
|
Ұйымдастыру кезеңі. 1.Психологиялық дайындық 2.Студенттерді шеңбер құрып бір-біріне сәттілік тілейді 3.топқа бөлу 4.Бағалау парағын тарту,бағалаушы сайлау
ДИКТАНТ - латынның «дикто» деген сөзінен шыққан. Яғни «естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережеге сай жүргізіледі. Ең алдымен ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай диктант жазылады. Бүгінге дейін диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде қолданылып келеді. Атап айтқанда: - сөздік диктанты - көру диктанты - терме диктанты - жатқа жазу диктанты - ескерту диктанты
- өздік диктанты - ерікті диктант - түсіндірме диктанты - графикалық диктант - шығармашылық диктанты - бақылау диктанты т.б. Қазіргі қолданылып жүрген дәстүрлі диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту-тіл дамыту жұмысының басты мақсаты.
Диктанттың өткізілу мақсатына байланысты бірнеше түрлері бар: әріп, буын, сөз, сөздік, сөйлем, түсіндірме, терме, еркін, шығармашылық, көру, өздік, қатеден сақтандыру, бақылау.
Әріп диктанты - әріптер мен дыбыстардың айырмашылықтарын білуге үйретеді. Сондықтан бұр жұмыс түрі бастауыш сыныпта көбірек қолданылады.
Буын диктантының – мақсаты оқушыларға буындарды, үндестік заңын үйрету. Оқушылар буынға бөліп жазу арқылы дыбыстардың буын құрау ерекшеліктерімен танысады.
Сөз диктанты – сөздің белгілі бір ұғымды білдіретініне бағытталған. Аталған диктант буын мен дыбыс, әріп ерекшеліктерін де қамтиды.
Сөйлем диктанты – қазақ тіліндегі сөйлем түрлерін тануға, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтауға үйретеді.
Бақылау диктанты – оқушылардың білімі мен сауаттылығын тексеру мақсатында жүргізіледі. Бұл диктант түрі көлемді тақырыптан соң әр тоқсанның аяғында, оқу жылының соңында өткізіледі. Бақылау диктанты туралы оқушыларға алдын ала ескертіледі, бекіту, қайталау сабақтары өткізіледі. Дайындық жұмыстары оқушы білімін жүйелеумен бірге жақсы нәтижеге жетуге ықпал етеді. Бақылау диктантына тұтас мәтін алынады, диктант тақырыбы, қиын сөздер тақтаға жазылады.
Диктант түрлері және үлгілері
Түсіндірме диктант - өтілген тақырыпты оқушылардың қалай меңгергендігін тексеру мақсатымен бірден мұғалімнің айтуымен жазылып, керекті түсініктер беріледі. Үлгі ретінде оқушының тақтада орындауына болады. Тапсырманың орындалуына бүкіл сынып оқушылары қатыстырылады, ережені есте сақтау мүмкіншілігі жоғары болады.
Түсіндірме диктант
Мына сөздердің айтылуын көрсете отырып, сөздің айтылуы мен жазылуын түсіндір.
Көлдік, өрік, өтірік, төзім, төсек, көңілді, көше, жөндеу, көмек, көну, жөнсіз, орынсыз, қоныс, толық, жолды, қоңыр, осы, оқымысты
|
Студенттер екі топ құрайды.Әр топ бағалаушысын сайлайды.Топ басшылары студенттердің жауыптарын бағалау парағына белгілеп отырады.
Студенттер лекция жазып,топта талдап,топтан біреуі жауап береді.
Екі жұлдыз бір ұсыныс арқалы бірін-бірі бағалайды.
|
Топқа бөлу
Бір-бірін бағалау
|