Сабақжоспары Кіріспе. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі Модуль /пән атауы



бет2/3
Дата14.09.2023
өлшемі26,31 Kb.
#107300
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1) 09.09.2023ж - Кіріпспе

Жұмыс аяқталғанда:
1. Компьютерді дұрыс сөндіру.
2. Құжаттармен жеке заттарды жинастыру.
3. Жұмыс орнын тәртіпке келтіру.
Өрт кезінде:
1. Компьютерді тоқтан айыру.
2. Күш қорғауышын айыру.
3. Жағдайды әкімшілікке немесе өндірістік оқыту шеберіне хабарлау.
4. Көмірқышқылды өрт сөндіргішті жедел пайдалану.
5. 101 - ге хабарлап.
Компьютерде жұмыс істеу ережелері.
Монитор мен пернетақтаны биіктігі бойынша дұрыс орналастырудың маңызы зор. Монитор ыңғайсыз тұрған жағдайда арқа және мойын бұлшық еттеріне салмақ түсуі салдарынан бас ауруы мүмкін. Қарапайым бір қағида бар: монитордың жоғарғы шеті көзбен бір деңгейде болуы, ал осы деңгей мен бейне беттің орталығы арасындағы бұрыш 15 градусты құрауы тиіс.
1. Арқаңызды тік ұстаңыз. Ежелгі кеңес; құныспай тік отырыңыз деген осы жерде орынды!
2. Иықтарыңызды бос ұстаңыз, шынтақтарыңыз тік бұрыш жасап бүгілген болсын. Басыңызды сәл алдыға еңкейтіп тік ұстаңыз.
3. Орындығыңыздын отырғышы жұмсақ болуы, тізелеріңіз тік бұрыш жасап бүгіліп, табандарыңыз жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.
4. Арақашықтықты сақтаңыз. Көз бен монитор экраны арасындағы қашықтық 70 см - ден аз болмауы тиіс. Басқаша айтсақ, сіз қолыңызды алдыға созып, бейне бетке әрең жетуіңіз тиіс.
Жұмыс уақытын дұрыс ұйымдастыру.
1. Компьютер алдында күніне 5 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды. Ең дұрысы – осы уақытта түске дейін және түстен кейін 2 (екіге) бөліп алу. Балалар үшін бұл режимінің талаптары қаталдау: 1 сынып – 10 минут, 2 - 7 сыныптар – 15 - 20 минут, 8 - 9 сыныптар – 25 минут, 10 - 11 сыныптар – әрбір 30 минут сайын 5 минуттық үзіліс жасап 50 минут қана.
2. Әр сағат сайын көзге арналған жаттығулар жасап, әрекет түрін өзгертіп отырыңыз, орныңыздан тұрып, шай, су ішіп келуге болады. Егер тұруға болмайтындай «шұғыл» жұмыс істеп отырсаңыз, тым болмаса, басыңызды айналдырып, құйрық бұлшық еттеріңізді жиырып, босатып, балтыр бұлшық еттерімен аяқтың басын көтеріңіз.
3. Үзіліс жасаған кезде бөлмеңізді желдетіп алыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет