Сабақта қарастыратын сұрақтар: Өткен тақырыптардан: Бір қабатты эпителий


Аартериола қабырғасының құрылысы Артериолла (вазоконстрикция,ТЭМ)



бет3/4
Дата18.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#118961
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ЖҚЖ тапсырма 1

2. Аартериола қабырғасының құрылысы Артериолла (вазоконстрикция,ТЭМ) Рис 366, с 253. Гистология, цитология және эмбриология атласы (Р.Б.Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй). «Эффект» баспасы, Алматы 2006, 416 бет
3. Қолқаның ішкі қабығы. сур 377. б 260. Гистология, цитология және эмбриология атласы (Р.Б.Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй). «Эффект» баспасы, Алматы 2006, 416 бет
4. Қолқаның ортаңғы қабығы. сур 378. б 260. Гистология, цитология және эмбриология атласы (Р.Б.Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй). «Эффект» баспасы, Алматы 2006, 416 бет
5. Қолқа. Сур 379. б 261. Гистология, цитология және эмбриология атласы (Р.Б.Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй). «Эффект» баспасы, Алматы 2006, 416 бет
6. Артериоловенулярлы анастомоздар (АВА). сур 371, б. 256. Гистология, цитология және эмбриология атласы (Р.Б.Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй). «Эффект» баспасы, Алматы 2006, 416 бет

Ситуациялық есептер

  1. Электронды микросуретте капиллярлар қабырғасындағы жасушалар көрінеді. Олардың біреуі базальді мембранада орналасқан, екіншісі базальді мембранамен қоршалған. Осы жасушалардың атын атаңыз.

  2. Құрамында гиалуронидазасы бар жылан мен өрмекші улары капилляр қабырғасы арқылы оңай өтіп кететіні белгілі. Капиллярдың өткізгіштік қасиеті қай құрылымына байланысты?

  3. Электронды микросуретте қан тамырының қабырғасында базальды мембранасы анықталмайтын эндотелий жасушалары көрінеді. Бұл жасущаларға оны қоршаған дәнекер тінінен келетін талшықты филаменттер бекінетін тамырдың түрін атықтаңыз.

  4. Студент қан тамырлардың құрылысын талдау барысында олар ішкі жағынан бір қабатты мезотелимен астарланғанын айтты. Оның жауабы дұрыс па, әлде бұрыс па?

  5. Электронды микросуреттен қан тамырларының көлденең кесіндісі көрінеді. Қуысы эритроциттерге толы, қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі қабығы базальді мембранаға бекінген эндотелий жасушасынан тұратын болса, ал ортаңғы қабаты базальді мембрана мен перициттен, сыртқы қабаты базальді мембрана мен перициттен, сыртқы қабығы адвентициальды жасушасынан тұрады. Осы қан тамырлардың атын атаңыз?

  6. Қан капиллярының құрылысын сипаттау кезінде эндотелиоциттерінің цитоплазмасында жұқарған жерлері бар екені айтылған, бірақ базалды мембранасы тұтас. Мұндай капиллярлыр қай мүшелерде кездеседі?

7. Препаратта диаметрі шамамен бірдей вена тамырларының көлденең кесіндісі берілген. Олардың біреуінде тегіс бұлшықет жасушалары барлық қабықтарда кездеседі; сонымен қатар, бұл тамырдың сыртқы қабығында бойлық орналасқан тегіс бұлшықет жасушаларының саны көп. Екіншісінде бұлшықет жасушалары өте аз және олар тек ортаңғы қабығында орналасқан. Препаратта қандай қан тамырлар берілген.Қандай гемодинамикалық жағдайда берілген тамырлардың қызметі анықталады.

  1. Гематоксилин-эозинмен боялған препараттарда ет типті екі ірі веналар берілген. Оның бірінде ортаңғы қабығында аздаған миоциттері болсы, екіншісінде үш қабығында да миоциттері анықталады. Осы аталған веналардың қайсысы дененің төменгі бөліктеріне тән, неге?

  2. Қан тамырының екі препараты берілген. Бір препараттағы қан тамырының үш қабығында да қан тамырдың тамыры кездессе, екіншісінде тек сыртқы қабатында ғана көрінеді. Екі препараттың қайсысы венаға жатады?

  3. Қан тамырларынан алынған препараттардың бірінде қабаттарының араларын бөліп тұратын ішкі және сыртқы эластинді мембрана көрінеді. Ортаңғы қабатында көптеген циркулярлы бағытта орналасқан тегіс салалы ет тінінің жасушалары бар. Ал, екінші препаратта мұндай эластинді мембраналар байқалмайды, ет жасушалары қабырғасында нашар дамығандықтан, қабырғасы жұқа, қуысы қысыңқы. Осы қан тамырларының қайсысы венаға жатады және оның қандай типі екенін анықтаңыз.

  4. Электронды микросуретте қан тамырының қабырғасында базальды мембранасы анықталмайтын эндотелий жасушалары көрінеді. Бұл жасущаларға оны қоршаған дәнекер тінінен келетін талшықты филаменттер бекінетін тамырдың түрін атықтаңыз.

  5. Препаратта артериоло-венулярлы анатомоздың бір бөлігіндегі қан тамыры көрінеді. Оның ішкі қабығында ұзынынан бағытталған тегіс салалы ет тінінің жасушалар тізбегі орналасады. Бұл анастомоздың қай түрі және қандай қан жылжып өтеді (артерия қаны немесе аралас)?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет