Сабақта болмыс мәселелерін талдап: «Дүние қалай құрылған?»


§ 2. Танымның практикалық (іс жүзіндегі) табиғаты



бет2/4
Дата18.10.2023
өлшемі33,05 Kb.
#119019
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Философия семинар

§ 2. Танымның практикалық (іс жүзіндегі) табиғаты
Практика (practіkos – грек сөзі, белсенділік, іс-тәжірибе) ұғымы айнала қоршаған ортаны өзгертудегі адамның саналы, мақсатқа лайықты іс-әрекетін бейнелейді.
Білімнің шынайы мән-мағынасы оның өмірге еніп, қоғамның материалдық және рухани жақтарын жетілдіруде емес пе? Танымның негізгі мақсат-мұраты тек қана білімді жетілдіру ғана емес, соны- мен қатар қоғам мен адамның өне бойы өзгерістегі материалдық және рухани қажеттіліктерін өтеуде болса керек.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, ғылымның қайнар көзінің өзі осы адамзат практикасының қажеттіліктерінен шыққанын байқауға болады. Мысалы, көне заманда көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен планеталарға қарап, көш жолдарын анықтай бастады. Көне Мысыр мен Қытайда суармалы егін егу қажеттілігі үлкен арналар қазып тартуға мәжбүр етті, ал ол үшін жер бетіндегі кеңістікті зерттеу қажет болды. Соның нәтижесінде геометрия мен математиканың негіздері жасала бастады.

Бүгінгі таңдағы ең алдыңғы қатарлы ғылым саласы – биологияны алып қарасақ, мұндағы ғалымдардың алдына қойған мақсат-мұраттары да бүгінгі адамзаттың іс-тәжірибесімен тығыз байланысты екенін байқаймыз. Генетикаға қатысты микро-биологиялық зерттеулер тіршілікті клондық, яғни бейжыныстық жолмен тудыру, өмірдің ең терең сырларын ашу – қазіргі адамзатқа ауадай қажет нәрселер. Өйткені тек осы зерттеулердің негізінде болашақта тұқым қуу механизміндегі жиі кездесетін ауытқуларды емдеуге, сонымен қатар мол өнім беретін жаңа өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тудыруға, олай болса, жер бетіндегі аштыққа ұшыраған халықтарға тиімді көмек беруге жол ашы- лады.


Осы келтірілген деректерді тағы да жалғастыра беруге болар еді. Бұлардың бәрі де таным үдерісінің әрқашанда адамзаттың іс-тәжірибесімен байланысты екенін көрсетеді. Дүниетаным адамзаттың ерекше рухани іс-әрекеті болғанымен, оның терең табиғаты іс-әрекетте, оның әлеуметтік-тарихи мән-мағынасында жатқаны сөзсіз.


Таным құрылымы
Таным – өте күрделі үдеріс, оған адамның бүкіл жан дүниесі: түйсіктері, ақыл-ойы, ырқы, сезім тебіреністері, ішкі көкейкөзі – бәрі де өзара бір-бірімен байланысты түрде қатысады. Шынайы таным үдерісінде оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Дегенмен де танымды жете түсіну үшін біз теориялық деңгейде оларды бір-бірінен ажыратып қарастыруымызға болады. Осы тұрғыдан келгенде, біз сезімдік танымнан бастауымыз қажет сияқты.
Сезімдік танымның негізгі формалары түйсіктер, қабылдау және елестету болып табылады. Айнала қоршаған дүниемен адам өз түйсіктері арқылы байланысты. Адам белгілі бір затты көріп, оның жылы-суықтығын, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттілігін т.с.с. анықтай алады. Әрине, түйсіктерді толығынан айнала қоршаған ортадағы физикалық құбылыстармен теңеуге, сонымен қатар ажыратуға бол- майды. Кең түрде алғанда, түйсіктер бізді дүниемен байланысты- ратын, сол жөнінде деректер беретін бейнелеудің ерекше түріне жатады. Олар, әрине, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі, адамзаттың іс-тәжірибесімен тығыз байланысты.

Сонымен қатар ерекше ескеретін нәрсе – адам қабылдаған заттың барлық қасиеттерін бірдей бейнелей алмайды. Ол заттың тек оған қажетті жақтарын ерекше белгілейді. Мысалы, егер көктемде біз алқызыл апорт алмасын көрсек, оның біртұтас бейнесінің ішінде оның хош иісіне ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені біздің оны жегіміз келеді. Егерде осы ахуал күзде болып, жаңа ғана он алма жеп, сол апортты көрсек, оны қабылдағанда оның түсіне, әсем жақтары мен формасына ерекше көңіл бөлеміз, яғни оны жейтін тамақ емес, эстетикалық зат ретінде қабылдап, ләззат аламыз.


Адамның сана-сезімінің тағы да бір керемет ерекшелігі – өткендегіні есте сақтау. Физиологиялық тұрғыдан қарағанда, ол адам жүйкесінің өткенде болғанды ақпарат ретінде сақтау қасиеті болып табылады. Оның негізгі екі түрін көрсетуге болады. Біріншісі – сезімдік бейне, екіншісі – сөздік-ұғымдық түрі.


Сөйтіп, сезімдік таным бізге заттардың айнадағыдай бейнесін бермейді, оның қалыптасуына адамның қажеттілігі мен мүддесі, мақсат-мұраты, неше түрлі сезім толқындары, қысқасы, бүкіл жан дүниесі қатысады.
Енді дерексіз ойлау формаларына келер болсақ, онда ең бірінші ұғымдарды атап өтуіміз қажет. Ұғымдарда заттар мен құбылыстардың адамға деген жалпы, мәнді, қажетті жақтары бейнеленеді.

Таным үдерісі адамның еркімен (ырқымен) де тығыз байла- нысты екенін байқаймыз. Ол адамды таным жолында белгілі бір мақсаттарға, нәтижеге жеткізуге көмектеседі. Адам өз ырқы арқылы бүкіл күш-жігерін жинақтап, оны зерттеуге ұмтылдырады.


Таным үдерісінде аса бағаланатын нәрсе – ол адамның талант- тылығы. Біріншіден, ол адамға берілген табиғи дарынмен тығыз бай- ланысты екенін байқауға болады. Егер біреу көркемөнерге жақын болса, екінші – математика, физикаға, үшінші тілдерді игеруге ынтық болуы мүмкін. Адамдардың бұл қабілеттері белгілі бір әлеуметтік жағдайларды жасау, сонымен қатар тұлғаның қажымас еңбегінің арқасында талантқа, яғни шығармашылық қабілетіне айналуы мүмкін. Кері жағдайда, адам табиғи дарынын таланттық деңгейге көтере алмай, оны сөндіріп алуы да ғажап емес.


Танымның негізгі мақсаты – ақиқатқа жету, соның нәтижесінде ғана оны нақты өмірде пайдалануға жол ашылады.


§ 4. Танымдағы ақиқат мәселесі


Әңгіменің қиындығы мынада: қайсыбір білімнің екі жағы бар. Бірін- шісі – адамның биологиялық табиғаты, яғни оның түйсіктері, жүйке мен ми ерекшеліктері, сонымен қатар нақтылы-тарихи жағдайдағы қоғам құрылымы, оның мәдени ерекшеліктері, ғылыми ақпаратты өңдеп, пайдалану тәсілдерімен байланысты. Екіншісі – танымда бейнеленетін шынайы шындықтың өз қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау болмақ. Танымның осы екі жағы бір-бірімен өте тығыз байла- ныста екені сөзсіз. Олай болса, біздің білім мазмұнының қай жақтары жеке адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз түрде зерттеліп жатқан заттың шынайы қасиеттеріне сәйкес келеді? Бұл сұрақ білім ақиқаттығы мәселесінің өзегін құрайды.

Әрине, жалпы түрде алғанда, өзімен-өзі өмір сүріп жатқан шынайы білім дүниеде жоқ. Ол – адам, әлеуметтік топ, я болмаса жалпы қоғамның білімі. Ол бітімі жағынан субъективті. Сонымен қатар онда дүниедегі зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың бізге тәуелсіз ішкі мәндік жағы ашылады. Осы тұрғыдан алғанда, ақиқат деп дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның санасында тиісті түрде бейнеленуін айтамыз.


Сонымен қатар біз мына нәрсені ұмыт қалдырмауымыз керек. Дүниені зерттеуде адамзат шегіне жеткен ақиқатқа ешқашанда жете алмайды, өйткені ол – шексіз үдеріс. Сондықтан да ақиқат жөніндегі ілімде оның шынайы, салыстырмалы, абсолютті, прагматистік, когеренттік т.с.с. жақтары ерекше бөлініп алынып, талданады.
Шынайы ақиқат деп адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз, яғни заттың өзіндік қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз. Мысалы, Айдың жерді айналып тұратыны – шынайы ақиқат. Біз қандай әрекет жасасақ та, оны тоқтата алмаймыз, ол бізге тәуелсіз түрде өмір сүріп, жерді айналып тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет