256. «Психологиялық бой»
Барлық қатысушылардың көзін байлап, бойлары қысқадан ұзынға қарай орналасу тапсырылады. Сөйлесуге тыйым салынады. Кім өзінің бойының шамасын дұрыс бағамдады? Кім бойын ұзын, қысқа деп ойлап орнын таба алмады? Анықталады.
257. «Пікір алмасу» (Showdown)
Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды.Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен
стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.
Сұрақтарға жауап беруші оқушылардың алмасып тұрғаны
Достарыңызбен бөлісу: |