79. «Білетініңіздің барлығы» Оқушылар тарауды оқуға кірісудің басында ________ туралы не білетінінің барлығын жазады. Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді.
80. «Білімдарлар» Ең алдымен, ойынның басында «білгірлер» анықталады, олар өздеріне топ құрады.Ойынға қатысушылар топтары бойынша парта басына отырады.Бір топ тақта жанында қалады.Басқа топтардың өкілдері оларға оқылған тақырыптары бойынша сұрақтар қояды.Топтың сұрақты өз ішінде талдауы 20 секунд қана жүреді де, бір оқушы жауап береді (кезекпен).Жеңімпаз топ дұрыс жауаптар мөлшерімен анықталады.
81. «Бір ауыз сөз» Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б
82. «Бірге ойлаймыз» Бұл сыныбыңызда талқылауға және диалогқа ықпал ететін және «Қолыңды көтеріп адамға сену» көзқарасынан бас тартуға көмектесетін жақсы тәсілі.
1. Оқушыларды 4 адамнан тұратын топқа бөліп, әр оқушыға 1-ден 4-ке дейін нөмір беріңіз.
2. Одан кейін сіз оқушыларға топта талқылау үшін сұрақ қоясыз. Берілген уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын планшетке жазады және сыныппен бөліседі.
Сізге балалар арасында бәсекелестік тудыру үшін ұпай есептеу жүйесін пайдалануға болады. Одан кейін барған сайын күрделілігі артатын сұрақтарды пайдалана отырып, сипатталған қадамдарды қайталайсыз.
83. «Бір қадам алға...» Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.