94. «Дарабоз» Бала еңбегін сабақта бағалауға рейтинг жүйесінің қарапайым түрін ұсынар едік. Мұғалім өзінің жеке шығармашылық журналы төмендегі бағытта бағалау жүйесін қолданады. Бұл баланың төмен баға алу қорқынышынан туатын қажетсіз әрекеттерінен арылып, шынайы еңбегімен көрінуге ұмтылуына ықпал етеді. Ұжымда демократиялық қатынастар орнатуға қызмет етеді.
Ұтымдылығы – бірінші орында баланың қабілетінен гөрі еңбектенуі тұратындығында. Тынымсыз еңбек қабілетті дамытады. Баланың сенімділігі мен қызығушылығын ұштайды.
Бала еңбегі мынадай бағыттарда жан-жақты бағаланғаны жөн:
сабаққа қатысуы;
оған даярлығы;
тапсырманы орындауы;
өзіндік жұмысы;
ынтасы;
сабақтағы жауабы.
Мұндай жағдайда «екі» деген баға болмайды, себебі өзін ықтырып, үркітетін бағаны емес, жинақталған балды көріп, кемшілігін түзетуге мүмкіндігі бар екеніне сенімді болар еді.
95. «DEAL» D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу). E –Explain –түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу). A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау). L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).