298. «Таңғалдыру сәттері» Сөз бен сөйлемдегі ойдың құрылымын, сипатын, табиғатын бейнелі де көркем суреттей жеткізетін суырыпсалма тапқырлық пен ұшқыр қиялға негізделген. Белгілі бір тақырыптағы сөзге не сөйлемге қатысты өзіндік тапқырлығы мен еркін қиялына ерік беріледі.
299. «Талқылау тəсілдері» Оқушыларға жазу мен оқу бойынша тапсырмаға берілетін уақыт сияқты ауызшапікірталасқа берілетін уақыт та мұқият құрылымдалуы керек. Төменде талқылаудықұрылымдауға көмектесетін əдіс-тəсілдер тізімі берілген.
Төрт бұрыш Əр бұрышқа әртүрлі пікір ілінеді. Оқушылар өздерініңжауаптарына жақын бұрышқа барып тұра алады: мысалы,толықтай келісемін, келісемін, келіспеймін, толықтайкеліспеймін.
Сократ шеңберіЕкі шеңбер, бірінің ішінде бірі. «Ішкі шеңбердегі»оқушылар тақырыпқа қатысты мәселені сұрақ-жауапарқылы талқылайды, ал «сыртқы шеңбер» оларды тыңдап,дəптерлеріне ескертпе жасап отырады және талқылаусоңында өз пікірлерін айтады. Мұғалім оларды сырттан
бақылап, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы пікірталастықажетті арнаға бұрып отырады. Шеңбердегі оқушыларбелгілі бір уақыт өткен соң рөлдерімен алмасуына болады.
Шеңберге жиналатын уақытОқушылар орындықтарды шеңбер етіп сынып ортасынақояды. Тақырып/сұрақ/сөйлем беріледі, оған оқушыларжауап беру керек. Алайда олар белгіленген затты ұстаптұрмаса, сөйлей алмайды. Бұл тапсырмада мұғалім барлықоқушының бір кісідей қатысып отырғанына көз жеткізуүшін қатаң түрде бақылайды, сондай-ақ оқушыларға қайкезде сөйлеу керектігіне қатысты өздерінің шешімқабылдауына мүмкіндік береді.
Попкорн Оқушылар сыныптағы ауызша кері байланысты басқарады,
қай кезде орнынан тұрып жауап беру керек екендігіншешеді. Егер бірнеше оқушы қатар тұрса, онда оқушыларкімнің бірінші болып сөйлейтінін шешуі қажет.
ТӨДК Сыныптастардың пікірін тыңдай отырып, оқушыларберілген пікірді ТОЛЫҚТЫРЫП, ӨЗГЕРТІП, ДАМЫТЫПнемесе КҮРДЕЛЕНДІРЕ алатынын шешуі керек. Барлықоқушылар қалай жауап беретіндерін шешуі қажет, алмұғалім олар таңдаған мəнерде жауап беру үшін біроқушыны таңдайды.