147. Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау үлгісі:
Шығарма авторы:
Тегі, түрі:
Тақырыбы:
Идеясы:
Шығарманың композициялық құрылысы:
Сюжеттік басталуы;
Сюжеттік байланыс;
Шиеленісуі:
Шарықтау шегі;
Шығарманың шешімі;
Шығармадағы кейіпкерлер;
Әдеби теориялық ұғымдар:
- теңеулер;
- эпитеттер;
- афаризмдер;
- мақал-мәтелдер:
148. «Кемпірқосақ»
Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.
149. «Кесте толтыру»
Танысу алдында әрбір оқушы мынадай кесте толтырады:
Менің өмірім
|
Маңызы мезеттері
|
Менің аты-жөнім
|
Қыстаубаев Бақытжан Құсайынұлы
|
Туған жерім, мекен-жайым
|
-Туған жерім: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы.
-Мен қазір Алматы қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 129-үй,10-пәтерде тұрамын.
|
Менің жанұям
|
-Біздің жанұяда алты жан бар: әкем, анам, мен, үлкен ағам мен әпкем, қарындасым 10- сыныпта оқиды.
|
Менің ермегім (хобби)
|
-Қолым боста мен шым-шытырық оқиғаларды оқығанды ұнатамын.Маған, әсіресе, детективтік романдар ұнайды.
|
Менің достарым
|
-Ауылда менің Әбілғазы мен Сейітжан деген достарым бар,ал Алматыдағы достарымның есімдері- Мұрат, Жүніс және Сейілхан.
|
Өмірімнің қызықты мезеттері
|
-Бала кезде бірінші рет Ақтау қаласына Біржан ағамыздың үйіне барып, сол жерде Каспий теңізінде қайықпен жүзіп, балық аулағанымыз есімде қалды.
-Бірінші курста Астана қаласында оқушылардың форумына қатысуым.
|
Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар шағын топ ішінде өз кестелерін бір-біріне оқып, оларды талқылайды. Әр топтан бір-екі оқушының кестесі бүкіл сыныпқа жарияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |