285. «Сұрақ – жауапқа құрылған хат»
Бұл ойынды итальян жазушысы Дж. Родари ойлап тапқан.
Ойынның шарты: Алты оқушыға алты түрлі сұрақ беріледі.
Бірінші сұрақ: “Кім? Не?” (яғни бір оқушы зат есімнен сөз жазады)
Екінші сұрақ: “Қай жерде?” (яғни жатыс септігіндегі тұрған кез келген сөзді жазады)
Үшінші сұрақ: “Не істеді?” (оны үшінші оқушы жазады)
Төртінші сұрақ: “Ол не айтты?” (бұл сөйлем төл сөз арқылы жазылады)
Бесінші сұрақ: “Адамдар не деді?” (бұл сөйлем де төл сөз арқылы жазылады)
Алтыншы сұрақ: “Оқиға немен тынды?” (1-оқушының зат есімін көріп, қорытынды жазады)
Бір қызығы әр оқушы қандай сұрақ берілгенін білсе де, басқалардың сұрағы мен жауабын білмейді. Сондықтан қызықты мәтін құрастырылады.
Мысалы:
а) Құмырсқа
Қонақта
Топырақ жеді
Ол айтты: “Мен бақыттымын”
Адамдар: “Ғұмырың ұзақ болсын”, – деді.
Құмырсқа жарылып өлді.
ә) Шегіртке
Мектепте
Доп тепті.
Ол айтты: “Мен кетемін”
Адамдар: “Біз де кетеміз”, – деді.
Шегіртке сылқ – сылқ күлді.
Достарыңызбен бөлісу: |