Тақтаға бір оқушы шығады. «Қазақстан»сөзі құрылады.
Мұғалім: Оқушылар, көрдіңдерме? Біздің отанымыздың аты көптеген әріптерден тұратын екен. Оқушылар, қалай ойлайсыңдар, осы әріптердің орнын ауыстырып, қаншама әртүрлі сөздерді құрастыруға болады?
Оқушылар өз жауаптарын ауызша айтады.
Оқушылар тақтаға белсенді шығып, ауызша қатысып отыруы қажет.
А4 парактары, плакаттар
Сабақтың соңы
Мұғалім: Өкінішке орай, біздің сынып сағатымыз соңына дейін жетті. Бірақ, маған сендердің осы сабақ туралы ойларыңды мен сезімдеріңді білу өте қызық болып тұр!
Кері байланыс.
Мұғалім: Қазір мен сендерге түрлі түсті стикерлер таратып беремін. Стикерлерге сабақ туралы өз ойларыңды жазып, оларды тақтаға ілесіңдер. Мысалы, былай жазсаңдар болады,«Сабақ маған өте қатты ұнады», «Сабақ маған ұнады, бірақ кейбір жерлерін түсінген жоқпын», немесе «Сабақ маған ұнаған жоқ, ештеңе түсінбедім». Яғни, бұл сендердің сабақты қалай және қаншама қабылдағаныңыздың көрсеткіші.
Оқушыларға түрлі түсті стикерлер беріледі. Осы стикерлерді оқушылар тақтаға, постерге іледі.
Оқушылар сабақтан не үйренгенін, не түсінгенін көрсетеді.