Сабақта қолданылатын



Pdf көрінісі
бет35/104
Дата12.03.2023
өлшемі0,96 Mb.
#73464
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   104
Байланысты:
sabaқtyi қyizyiқtyi өtkіzudі%D

 
112. «Ең зейінді» 
Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған оқушы 
артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап аттарын 
айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып тұрады. 
Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар орындарын 
ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған орындарының 
ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді. 
 
113. «Еркін жазу» 
Бұл әдіс«ой толғаныс» кезеңінде пайдалануға лайықты да тиімді. 
Мұғалім сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайында, одан алған 
әсері, не үйренгені, нені әлі де біле түсу керек екені т.б. туралы өз пікірін қағаз 
бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде, 
оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп 
танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. 
Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын 
түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады. 
 
114. «Еркін пікір» 
Пікірталастар ұйымдастыру, баяндамалар жасау, реферат, шағын 
ғылыми жұмыстарды қорғау – оқушының білім қорын, ізденісін көрсетумен 
қатар, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін меңгеруіне қызмет етеді. 
 
115. «Еркін талқылау» 
Бұны шағын топта қалай болса, сондай-ақ барлық сыныппен
орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек
керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда
өтсе мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін. Нұсқа ретінде бір оқушыны 
көмекші болуды сұрауға болады, бұл техника оқушыны, ол оқушы әрекеттерінің 
оң тәжірибесін алысымен пайдалануға және осы рольдегі мінез-құлқының негізгі 
аспектілерін талқылауға болады.  
 
 
116. «Ертегі құрастыру» 
Бастаушы ертегінің бірінші сөйлемін айтады. Қалғандар бір-бір 
сөйлемнен өздері қалауынша ертегінің сюжетін құрастырады. Қатысушылардың 
қиял жүйріктігі, тіл байлығына қарай түрлі ертегі құрастырылып шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет