Сабақта қолданылатын



Pdf көрінісі
бет73/104
Дата12.03.2023
өлшемі0,96 Mb.
#73464
түріСабақ
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   104
Байланысты:
sabaқtyi қyizyiқtyi өtkіzudі%D

 
 
 
246. «Өмір ұраны» 
Әр қатысушы өзінің өмірдегі ұранын қағазға жазып, қағаздар араластырылады. 
Содан соң біртіндеп оқылады. Басқалар оқылған ұранның кімнің өмірлік 
ұстанымы екенін табу керек.  
Оқушылардың бір-бірін қаншалықты білетінін анықтау үшін, бірін-бірі 
жақынырақ тану үшін жүргізуге болады. 
247. «Пазлдар» 
Мақсаты: Командалар құру, топ ішінде рөлдерді бөлу дағдысына 
үйрету. 
Ресурстар: Кішкентай «миқатырғыш пазлдар» (суретті открытканы 
бірнеше бөліктерге бөлуге де болады) 
Ойын барысы: Әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады. Мақсат – бөліктерді 
жылдам жинау. 
Жаттығудың психологиялық мәні: Қатысушылар ойын түрінде 
командада тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, 
ортақ мақсатқа жетуге үйренеді. 
Талдау: Командада тапсырманы орындау қалай болды? Неліктен? 
Тапсырманы тиімді орындау үшін не қажет деп ойлайсыңдар? 
 
248. «Пальма, піл, қолтырауын» 


43 
Қатысушылар үш-үштен бөлініп тұрады. Модератор топтардың 
қайсысы нені бейнелейтінін көрсетеді. Мысалы, «пальма» десе, ортадағы 
ойыншы пальма ағашын бейнелейді, қалған екеуі пальмаға соғып тұрған желді 
бейнелеуі тиіс. «Піл» десе, ортадағы ойыншы пілдің тұмсығын қалған екеуі 
құлақтарын; «қолтырауын» десе, ортадағы ойыншы қолтырауын аузын, екеуі 
жотасын көрсетуі тиіс. 
Мұнан басқа да тапсырмалар арқылы топтың алғырлығы мен қиялы 
тексеріледі. 
249. «Парасатты диалог» 
Оқушы мен мұғалім арасындағы диалог парасатты, рефлексивті, 
түсінушілік білдіру мен тексеруге бағытталған болып, барлық оқушылар өз 
ойлары мен пікірлерін білдіре алатындай болуы тиіс. Оқушылармен диалогтің 
сапасын талқылаңыздар және олардың мақсатын айтуды және оны қалайша 
жақсартуға болатынын (қажет болуына қарай) айтуды сұраңыз
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет