жоспарлап, ойлануға мәжбүрлеуге бағытталған түсініктемелер ұсынды. Олар оқушыларға
өзінің жұмыстарын және басқалардың жұмыстарын бағалау үшін жеткілікті уақыт беруге
тырысты.
Алайда белгілі бір уақыт өткеннен кейін, бұл негізгі талаптар белгілі бір дәрежеге
қажет, бұл үшін пәнді терең меңгерген жағдайда ғана алуға болатын білім міндетті емес. Пән
бойынша жоғары деңгейлі дайындыққа қарағанда, пәннің фундаменталды қағидаттарын
толық түсіну, оқушыларға ұшырасуы мүмкін проблемалық мәселелерді түсіну және өнімді
ойлауды ынталандыратын сұрақтарды құрудағы шығармашылық қабілет анағұрлым
маңызды болып табылады. Яғни, оқушылардың айтқандары олардың ойын білудің кілті
болуы мүмкін, дегенмен мұндай кілтті түсіну пәнді оқыту үдерісінде туындауы мүмкін
жалпы қиындықтар туралы толық білуді талап етеді. Сондықтан, қалыптастырушы
бағалаудың жалпы қағидаттары барлық пәндерде қолданылғанымен, олар әр пәнде әртүрлі
тәсілдер арқылы көрініс беруі мүмкін. Математика, жаратылыстану және тіл пәндерінің
Математика пәнінде оқушылар алгоритмдерді қолдануға және оларды қолдайтын
қолданылмайтынын түсінбеуі қиындық тудыруы мүмкін. Осы стратегияларды талқылап,
оқушылар бұл стратегияларға қатысты өз түсінігін өзгерту қажеттігін түсінетіндей етіп бұл
«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс
12-бет
анық көрінетін дұрыс нәтижесі болады. Ашық тапсырмаларда, сондай-ақ күнделікті
тапсырмаларды шешу үшін математикалық тәсілдерді қолдану кезінде дұрыс шешімдердің
бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Бұл жағдайда сапа критерийлерін түсіну қиындау тиіп, ол
нақты мысалдар мен абстрактілі критерийлерді бірлесіп талқылауды қажет етуі мүмкін.
Жаратылыстану пәндерінде жағдай осыған ұқсас. Табиғатта ғылым «дұрыс»
түсініктеме беретін көптеген құбылыстар болып жатады. Алайда, көптеген оқушылар
мектептен тыс та түрлі білім алады. Мысалы, кейбір оқушылар жануарлар қозғалатындықтан
олар тірі, ал ағаштар және өсімдіктер тірі емес, себебі олар қозғалмайды деп ойлауы мүмкін.
Немесе оқушылар айда ауа болмағандықтан, ғарышкерлер онда салмақсыз болады деп
есептеуі мүмкін. Осындай «қарама-қарсы ұғымдардың» көбін алдын ала болжауға болады,
себебі олар жақсы құжатталған. Сонымен бірге жалғыз «дұрыс» көзқарас бар деп
тұжырымдау тиімсіз екені анықталды. Бұндай жағдайда осы идеялар төңірегінде әңгіме
бастап, ал содан кейін ғылым әлемінен алынған жаңа фактілер мен дәйектерді енгізе отырып,
оның көзқарасын жоққа шығаратын түсініктеме ұсыну қажет.
Нәтижесін болжауға болмайтын басқа да аспектілер бар. Айталық, математика
пәнінде ашық тапсырмалар қалыптастырушы бағалаудың түрлі тәсілдерінің қолданылуын
көздейді. Ал ғылыми жетістіктердің әлеуметтік және этникалық салдарларына қатысты
сұрақтар әлі ашық күйінде қалуда. Сондықтан, оны шешудің фундаменталды тәсілін қолдану
үшін мұндай жұмыс барынша «ашық» болуы тиіс. Түсініктеме берудің басты міндеті
оқушыларды әңгімеге тарту, олардың қандай болжамдары бар екенін біліп, ұсынатын
дәйектерінің сапалы болуына көмектесу болып табылады.
Тіл сабағындағы өзара бағалау мен өзін өзі бағалаудың өзіндік тарихы бар. Пәннің
мазмұны болсын, көптеген тапсырмалардың нәтижелері болсын бұл тәсілдерді пәннің жалпы
мақсаты – оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын күшейтуге қатысты басты орынға
шығарып, бірінші кезекке қояды.
Өзара бағалау мен өзін өзі бағалаудың екінші маңызды функциясын Ройс Садлер
енгізді. Оның пайымдауы бойынша, критерийлердің өздері жұмыс сапасын бағалау үшін
немесе алға басушылықты анықтау үшін пайдасыз, себебі қосымша факторлар өте көп
10
.
Мәселенің шешімі белгілі бір жағдайларда критерийлерді қалай түсіндіруді білуде жатыр.
Осы жағдайда мұғалімдерге «білім жүйесі» қажет болады. Мұғалімдер бұл білімді
оқушылардың білімін бағалау жолымен алады. Бұл – оларға бағаларды саралауға, алға
ілгерілеушілікке қалай қол жеткізілгенін білуге мүмкіндік беретін үдерістің дәл өзі. Өзара
бағалау мен өзін өзі бағалау оқу барысында оқушыларға сапа критерийлерімен көзделген
осындай мүмкіндіктерді ұсынады.
Әдебиет сабағында, жаратылыстану және математика пәндеріндегідей негізгі
сабақтарға басты назар аударған дұрыс. Оқушыларға мәтін мазмұны туралы түсінігін
кеңейтуге немесе өз идеяларын жазбас бұрын оларды құрып алуға мүмкіндік беретін
кеңейтілген тапсырмалар өте ұтымды болып саналады. Олар шағын топта немесе жұппен
жұмыс жүргізуді көздегенімен, нәтижелері бүкіл сыныптың талқылауына шығарылады.
Әбедиет сабақтарында жұмыстың тағы бір түрі кездеседі – бұл дағды оқуға қадам сайын
қолдау көрсетіп отыру үшін тапсырманың белгілі бір құрылымын қалыптастыру үшін ғана
қолданылады, дегенмен ол ойды шектемес үшін оған қатты екпін жасалмайды. Жұмыстың
мұндай түрлері оқушыларға әңгімелесу барысында түсінікті дамытуға мүмкіндік берумен
қатар, алдағы жауап алу кезінде мұғалімге сабақтың өнімділігін бағалап, оқушылардың
жұмысын басқаруға мүмкіндік береді. Тапсырманың сапасы қаншалықты жақсы болса, оның
ықпал ету сапасы да соғұрлым жақсы болмақ.
Оқу тапсырмаларының арасындағы айырмашылық олардың әрқырлылығы
тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Бір жағынан – жалғыз дұрыс жауабы бар «жабық»
тапсырма, екінші жағынан лайық келетін бірнеше жауаптары бар «ашық» тапсырма. Әдебиет
Түсініктеме берудің басты міндеті оқушыларды әңгімеге тарту,
олардың қандай болжамдары бар екенін біліп, ұсынатын
дәйектерінің сапалы болуына көмектесу болып табылады.
«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс
13-бет
сабағының тапсырмасы - мысалы, өлең жазу – көп жағдайларда әртүрлі нұсқа болуын
көздейді. Алайда, тіпті осындай тапсырмалардың өзінде тұрақты компонент бар – мысалы,
грамматикалық және жанрлық ережелерді сақтау. Математика бойынша тапсырмаларға
келер болсақ, олар негізінен бір ғана дұрыс жауап күтеді, бірақ күнделікті проблемаларды
шешу үшін математиканы қолдану ашық бағалауға әкелуі мүмкін. Сондықтан, оқытудың екі
нысаны үшін де кез келген пәнде қолдануға болатын белгілі бір ережелер қажет.
Осы айырмашылықтарға қарамастан, тәжірибе баланың бойында дамыған негізгі
дағдылар барлық пәндерде қолданылатындығын көрсетті. Жобаға қатысқан жаратылыстану
пәнінің бір мұғалімі өз әріптестеріне біз талқылаған тәсілді өз тәжірибесінде қолданғандығы
жөнінде айтып беріп, одан кейін бұл тәжірибенің барлық пәндерге тарағандығын көрген:
Сурет және актерлік шеберлік мұғалімдері, технология мұғалімі де оларды жиі
қолданады (кей кездері түрлі жауапты, ұзақ мерзімді жобаны көздейтін немесе
оқыту бағдарламасымен қатты шектелмеген тапсырмалармен жұмыс жүргізеді).
Алайда, ағылшын тілінің мұғалімі бүгін маған келіп, айтты: «Кеше таңғажайып күн
болды. Бүгін мен оны өзімнің 8-сынып оқушыларыммен жүргізуге тырыстым. Ол
менің қолымнан келді. Ешқандай қол көтерусіз, ойлануға жеткілікті уақыт берілді.
Мен жыл бойы ауыз ашпаған балалардан таңқаларлық жауаптар алдым. Олар
барлығы өз ойларын ортаға салуға тырысты және олардың жауаптарының сапасы
тамаша болды. Ұзақ уақыт бойы сабақ беріп жүрсем де, алғашқы рет сабақ беру
әдісімді өзгертуден жаңа бір сезімге бөлендім». - Джеймс, TwoBishops мектебі.
Достарыңызбен бөлісу: