«ПМОҚБЖ» жобасы
Қажетті зерттеу жұмысын жүргізу үшін бізге қосымша қызметпен айналысып,
тәуекелге баруға дайын мұғалімдер тобымен ынтымақтастық орнату қажет болды, сондай-ақ
бізге олардың аудандары мен мектептерінің қолдауы қажет болатын. Nuffield қоры бұл
жобаны молынан қаржыландырды, соның арқасында біз Англияның оңтүстігіндегі
Оксфордшир мен Мэдуэй атты екі ауданды таңдап, олардың әкімшілігі мәселені түсініп,
бізбен ынтымақтастық орнатуға келісімін берді. Әр аудан үш орта мектепті таңдады:
Оксфордшир үш аралас мектепті таңдаса, Медуэй бір аралас мектепті, бір ер балаларға және
бір қыз балаларға арналған мектептерді таңдады. Әр мектеп екі жаратылыстану ғылымы
мұғалімін және екі математика мұғалімін таңдады. Біз әр мектептің директорымен
жоспарларды талқылап, 24 мұғаліммен бірінші кездесуді белгіледік. Осылайша, 1999 жылы
қаңтар айында «Патшалық-Мэдуэй-Оксфордширдегі Қалыптастырушы бағалау жобасы»
(ПМОҚБЖ) (King’s-Medway-Oxfordshire Formative Assessment Project - KMOFAP) пайда
болды.
Жоба туралы барлық ақпаратты біздің «Оқу үшін бағалау: Тәжірибеде қолдану» атты
кітаптан табуға болады
3
. Біздің алға қойған мақсатымыз зерттеу нәтижелеріне қол жеткізу
болды. Мұнда ұсынылған қорытындылар Патшалық колледждің командасы сабақтарға
қатысқаннан кейін алынған мәліметтер мен бақылауларға, барлық мұғалімдердің
кездесулерінің хаттамаларына, мұғалімдерден алынған сұхбаттар мен олардың өздері
жүргізген сауалнамаларға, оқушылар топтарымен өткізілген бірнеше әңгімелерге
негізделген. Басында біз жаратылыстану ғылымы және математика мұғалімдерімен жұмыс
істедік, соңынан зерттеу кеңейтіліп, жобаға сол мектептердің ағылшын тілінің мұғалімдері
және басқа мектептердің басқа пәндерінің мұғалімдері шақырылған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |