Ұйымдастырукезеңі. Оқушылармен амандасу Сабақ тақырыбын ашу. Стартер (проблемалық сұрақ):
Неліктен адамда тасымалдау жүйесі бар, ал амебада жоқ?
Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына қатысты әсері.Эритроциттердің беттік ауданының көлемгеқатынасыныңмаңызы.
Сыныппенбіргежартылайөткігіш мембрана арқылызаттардыңәртүрлітасымалданутүрлерінталқылау:
Оқушыларға 0,5см х 0,5 см квадраттардан «жасуша» түріндегі бір үлкен (мысалы, сиыр) бір кішкентай (мысалы, ақ сұлама) жануардың моделін жасауды ұсыныңыз. Оқушылар квадраттарды санау арқылы ауданның көлемге қатынасын анықтайды.
Мұғалімнің түсіндіруі
Егер кубтың бір жағы а тең болса,онда куб көлемі а3 болады, бір жағының (бетінің) ауданы– а2, , сәйкесінше алты жағының (яғни кубтың беттік ауданы) – 6а2. Есептейміз:
а
1
2
3
4
5
6
S=6а2
6
24
54
96
150
216
V=а3
1
8
27
64
125
216
S/V
6
3
2
1,5
1,2
1
Нені байқаймыз? Кубтың өлшемі өскен сайын (жасыл түсті қатар) оның беттік ауданы (сары түсті қатар) біртіндеп өседі( 6 - 216). Куб көлемі (көк түсті қатар) де өседі( 1 - 216). Барлығы ұлғаяды, бірақ көлем беттік ауданға қарағанда тезірек. Бұған қызыл түсті қатарға қарап көз жеткізуге болады, онда беттік ауданның көлемге қатынасы көрсетілген: ең кіші кубиктің бір бірлік көлеміне алты бірлік беттік аудан сәйкескеледі, ал ең үлкен үшін – тек біреу.
Оны қалай бағалауға болады? Көлембірлігі – адам деп есептеңіз, ал беттікбірлік – терезе, ол арқылы адам тыныс алады. Сонда
Кубиктің бір жағында бір адам тұрады және ол алты терезе арқылы тынысалады
Кубиктің 2жағында 8 адам тұрады, олар 24 терезе арқылы тыны салады (әрқайсысына 3);
Кубиктің 3 жағында 27 адам тұрады, олар 54 терезе арқылы тыныс алады(әрқайсысына2);
Және әрі қарай жалғаса береді, байқасаңыз адамдарға тыныс алу қиынырақ?