Сабақ басында мұғалім: Сабақтың мақсаты және міндетімен таныстырады.
1.Қызығушылығын ояту. (D) Оқушаларға бу қозғалтқышын демонстрациялайтын видео көрсетіңіз және оның жұмысы кезінде туындайтын энергияның түрленуін талқылатыңыз.
G) Оқушыларға жылу қозғалтқыштардың мысалдарын: іштен жану қозғалтқышы, жылу электростанциясы және бу машинасын т.с.с ұсыныңыз. Оларға бұл машиналардағы энергия «жоғалу» себептерін талдауды тапсырыңыз.
(T) Оқушылардан осындай нақты және идеалды қозғалтқыштардың ПӘК() үшін теңдеу жазуды сұраңыз:
және берілген формулаларды қолдануға деңгейлік есептер ұсыныңыз.
(І/f) Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-ін есептеуге байланысты әртүрлі сұрақтарды қойыңыз.
Бекіту сұрақтары: 1.Жылу қозғалтқышы деген не?Жылу қозғалтқыштардың түрлерін ата.
2.Жылу қозғалтқыштардағы энергияның түленуіне сипаттама бер.
3.Іштен жану қозғалтқыштың негізгі бөліктерін ата.
4.Қай процесті циклдік деп атаймыз?
5.Қай цикл тура, ал қай цикл кері деп аталады?
6.Жылу қозғалтқыштың жұмыс істеу принциптері қандай?
7.Карноның идеал машинасы деген не? Ол қалай жұмыс жасайды?
8.Карно циклі деген не?