Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
Тезистер – бұл тақырып және оның негізгі мағынасының бірізділікпен қысқартылып, жетекші талаптарының қысқаша берілуі. Тезистердің жоспардан айырмашылығы мәтінде қарастырылатын сұрақтардың атының ғана емес, мәнінің де ашылып берілуімен ажыратылады.
Сондықтан егер жоспар «Мәтінде не туралы айтылады?» деген сұраққа жауап берсе, ал тезис «Мәтінде бір нәрсе туралы не айтылады?» деген сұраққа жауап береді.
Тезистер авторлық және қосымша болуы мүмкін. Авторлық тезистер автормен жазылған, сонымен қатар авторлық мәтінді сөзбе-сөз көшіру болып табылады. Қосымша (вторичные) тезистер авторлық мәтіннің өңделген түрі. Тезисте мәтіннің тақырыбы қысқа және логикалық (түсінікті) даму тұрғысынан айтылады. Тезистердің қысқалығы мысал, үлгі және цитат келтіруге мүмкіндік бермейді. Көбінесе бастауыш пен баяндауыштан тұратын тезистер қолданылады. Бұл тезистер конспектіге қарағанда мәтіннің ең қысқа вариантын ұсынады. Тезис - белгілі бір мәселе туралы қысқаша түрде баяндалған қағида.
Топтық зерттеу (бірлескен жұмыс) –семинар немесе практикалық сабақтарда студенттердің бірлесе отырып белгілі бір проблеманы графикалы түрде шешу тәсілі. Оқытушы тақырып бойынша шешуді талап ететін проблеманы студенттерге ұсынады.
Студенттер шағын топтарға бөлініп, аталған проблеманы шешу жолдарын талқылап, өздерінің шешімін плакатқа түсіреді. Студенттер өздігінен мазмұн мен тапсырма орындаудың формасын таңдайды, ақпарат жинастырады, оларды талдап, бағалайды.
Содан кейін плакат қабырғаға ілінеді де, топ атынан спикер шығып жұмысты қорғайды. Қорғау соңында топ мүшелері басқаларының сұрақтарына жауап береді, олардың өз шешімдеріне түзету енгізуі де мүмкін.
Оқытушы әр топқа жеке тапсырма беруі немес топтар тапсырманы өздері де таңдап алуы мүмкін.
Тест студенттердің оқу жетістіктерін, олардың білім, білік, дағдыларының жиынтығын обьективті түрде өлшеу мүмкіндіктерін береді. Тесттерді әдетте ашық және жабық деп екіге бөледі.