Сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың Әдістемесі



бет48/106
Дата21.07.2023
өлшемі3,53 Mb.
#104605
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   106
Байланысты:
sagymbekova-bastauysh-synyptardyn

Практикалық жұмыс.

2- мысал.
«Тақтаның ұзындығын ӛлше» тапсырмасын орындау. 3-мысал.
Метрмен ӛлше: Бӛлменің ұзындығы мен енін тап. Адым деген немене?
Білу үшін шырағым, Білмегеніңді сұрағын:
Бір аттасаң алдыға, Сол болады бір адым.
- Балалар, сендердің 2 аттаған адымдарың 1м - ге тең деп алып, сыныптың ұзындығы мен енін ӛлшейік.
20 адым = 10м сыныптың: ұз - 10 м 10 адым = 5м ені - 5 м.

  1. мысал.


Суреттегі ӛзіңе таныс сызықтарды ата. Ӛзіңе таныс емес сынық сызық бар ма? Оны атап кӛр. Суреттегі соңғы сызық - сынық сызық. Ол үш кесіндіден, яғни үш буыннан құралған.
Кӛне ӛлшемдер туралы түсінік: Шақырым: Дауыс жетер аралық,
Шақырым деп аталған.
Даладағы даналық- Қалған арғы атаңнан.
Сүйем: Жүрген елдің ойында,
Ескі ӛлшемдер мол екен. Бір сызықтың бойында, Созсақ сұқ қол бармақты- Сүйем деген сол екен.
Қарыс: Бір сызықтың бойында,
Бармақпен ортан қолыңды, Созсаң ӛлшей қоюға- Қарыс деген сол екен.

  1. Тақтамен жұмыс.

    1. есеп:

      1. Бары – 5 Шешуі: 5+3=8

Берді – 3 ?
Жауабы: 8 оқулық.




      1. Бары – 8 Шешуі: 8 – 3 = 5 Тапсырды – 3 Жауабы: 5 оқулық. Қалды – ?





1



































































2


























3













































































































































5. Сӛзжұмбақ шешу.
Кӛлденеңінен: 1. Жер бетіндегі ұзындықтың ӛлшем бірлігі.
2. Ұзындықтың ӛлшем бірлігі.
Тігінен: 1. Арқанның, баудың ұзындығын ӛлшейтін бірлік.

  1. Геометриялық фигура.

  2. Сызықтың түрі.

Жауабы: Кӛлденеңінен: 1.Қадам, 2.Сантиметр.


Тігінен: 1.Құлаш, 2.Кесінді, 3.Түзу.
6. Ӛз бетінше жұмыс.

    1. мысал:

а) 1 ондық 3 бірлік = 13 бірлік
2 ондық 9 бірлік = 29 бірлік
9 ондық 2 бірлік = 92 бірлік.

  1. дм 1 см = 51 см

  2. дм 8 см = 68 см

4 дм 7 см = 47 см.

ә) Қызықты әзіл есептер шешу:

  1. Жантілеу қосарлап жегілген ат арбамен 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді?

Жауабы: 25 шақырым.

  1. Бақтиярдың тӛрт ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар?

Жауабы: 5 бала – 4 ұл, 1 қыз.

  1. Алдында 1, артында 2, артында 1, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаздар ұшып келе жатты. Барлығы неше қаз бар?

Жауабы: Үш қаз.

  1. Үйге. 6 - мысал (ә).

  2. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысып, сӛзжұмбақ есептерді жаңылмай шешіп отырған оқушыларды мақтап, мадақтап бағалау.

VIІ. Сабақтың қорытындысы. Балалар, біз бүгінгі сабақта ұзындықты метрмен, сантиметрмен, дециметрмен ӛлшеуді білдік, қазақтың байырғы ӛлшем бірліктерімен таныстық.
Екінші сабақ

Сабақтың тақырыбы: Килограмм. Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі - масса жайында түсінік беру және оның бірлігі килограммен таныстыру, таразының кӛмегімен заттың массасын ӛлшеудің ерекшеліктерімен таныстыру; бір амалмен шығарылатын есептер құрастыруды және шығаруды пысықтай түсу.
Дамытушылық: Оқушының зеректік, зерделік, тапқырлық, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақша салмақ ӛлшеуіштерін оқушыға үйрете отырып, ұлттық танымға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Сабақтың кӛрнекілігі: Плакат, кеспе қағаздар, суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды тынышталдырып, назарларын сабаққа аудару.
  1. Үй тапсырмасын тексеру.


Үйге берілген мысалды 4-5 оқушыға оқытып тексеру. Сұрақтар қою:

    • Ұзындықты қандай ӛлшем бірлігімен ӛлшейміз?

    • Ең кіші ӛлшем бірлігі қалай аталады?
  1. Жаңа сабақ.


    1. Балалар, біздің қазақ халқы заттарды түріне қарап-ақ: түйірдей, тырнақтай, кенедей, тұрымтайдай, тарыдай, титімдей, пұт, титтей, тоқымдай,

мытым, шымшым, ұлтарақтай, тілдей, тістем, пәмдә, мысқал, т.б. деп ӛлшеген. Дәлірек айтсақ,
«Қадақтай» - кішкентай, аз. 40 қадақ 1пұтқа тең. Қазіргі қолданып жүрген 1пұт - 16 кг-ға тең, жарты пұт – 8кг.
Ұсақ заттарды, асыл тастарды ӛлшеуде «мысқал» ӛлшемі қолданған:
12 мысқал - 50 грамдай, 1 мысқал - 100 арпа дәні салмағындай; 1 түгерек

  • 1 қадақ – 96 мысқалға тең.

«Тас түскен жеріне ауыр»,
«Гауһарды мысқалдап ӛлшейді». - дейді қазақ мақалында.

    1. Заттың массасы болатынын, кӛз мӛлшерімен т.б. мысалдар арқылы байқатқан жӛн. Мәселен, мӛлшері бірдей мақта мен тасты оқушының екі алақанына салса, олардың әсерінің түрліше болатынын аңғарту (тас басып барады деуі мүмкін).

Қай заттың ауыр, қайсысы жеңіл екенін қолға ұстап білу жеткіліксіз. Сондықтан заттардың массасын салыстыру үшін арнайы таразылармен және массаны кіртастың кӛмегімен ӛлшейді.

    1. Кӛрнекілікпен жұмыс. 1,2 – мысал:

Суретте не байқадың? Қарбыздың массасы туралы не айтуға болады? Ұнның массасы туралы не айтуға болады? Деген сұрақтарға оқушылар жауап береді.

    1. Кітаппен жұмыс.

3-есеп.

  1. Ағасы 4кг Шешуі: 4 + 2 = 6

Інісі – 2 кг ?
Жауабы: 6 кг қарақат.




  1. Сатып алды – 6 кг Шешуі: 6 – 3 = 3 Жұмсады – 3 кг Жауабы: 3 кг қант қалды. Қалды – ?

    1. Сергіту сәті.

Сылдырлайды сылдырмақ, Сылдыр-сылдыр етеді.
Аяғымыз тыпырлап, Ӛзі билеп кетеді.

    1. Қызықты есептер:

  1. Ауыз әдебиетіндегі «Ер Тарғын» жырында: Келген қалмақ кӛп еді,

Кӛп те болса қалмақтан. Алты күн айқай салғанда, Азғандай қалды қадақтай. -
деп жырлайды. Осы ӛлеңдегі ӛлшем бірлігін тап.

  1. Екі лақ,

Неше аяқ?

  1. 1 кг темір мен 1кг мақтаның қайсысы ауыр?

  2. Түрі, түсі, ӛлшемдері бірдей 3 білезіктің біреуі қалған екеуінен жеңілірек. Таразыға бір рет ӛлшеп, жеңілірегін қалай табуға болады?

    1. Тақтамен жұмыс.

4-есеп:
Асан - 2 кг Шешуі: 2 + 3 = 5.

Үсен - 3 кг ?
Жауабы: 5 кг балық сатып алды.




    1. Ӛз бетінше жұмыс:

5-мысал:
49, 48, 47, 46, 45, 44, 43, 42, 41, 40.
9>8, 8>7, 7>6, 6>5, 5>4, 4>3, 3>2, 2>1, 1>0.

№7 (16). Ең жеңіл және ең ауыр ойыншықты кӛрсет:




Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта түсу.
Нұсқау: Ең алдымен оқушылар назарын соңғы таразыға аудару керек. Осының барысында қызыл және кӛк машиналардың массалары бірдей екендігі туралы қорытындыға оқушылардың ӛздері келуі тиіс.
Бірінші таразыға кӛңіл аудару арқылы мотоциклдің қызыл машинадан ауыр екендігі анықталады. Мұнан кейін «мотоцикл мен кӛк машинаның массалары туралы не айтуға болады?» деген сұрақ қоюға болады.
Соңында екінші таразыға байланысты талқылаулар ұйымдастырылады.


Жауабы:

Ең жеңілі – велосипед, ең ауыры – мотоцикл.

Ескерту: Баларларға әдетте мотоциклдің машинадан ауыр болмайтындығы, бірақ жаттығуда әңгіме ойыншықтар туралы болып отырғандығы айтылуы керек. Сондай-ақ жаттығуды орындау барысында
«салмақ» терминін қолданудан сақ болған жӛн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет