Сабақтарының мазмұны «Қазақстан тарихы»


-дәріс. 20 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары



бет12/29
Дата15.11.2023
өлшемі131,7 Kb.
#123826
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Байланысты:
«Қазақстан тарихы» ПӘні бойынша дәріс сабақтарының мазмұНЫ-emirsaba.org

11-дәріс. 20 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары 2 академ.сағ.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары. Қазақстанның халық шаруашылығындағы мәселелер мен қиындықтар. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және олардың зардаптары.
Білім мен ғылымдағы оң өзгерістер. Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы. Партия шешімдеріндегі тенденциялық волюнтаристік әрекеттер. И.Сталиннің «тұлғаға табыну» кезеңін сынау. Мемлекет және қоғам қайраткерлерін саяси ақтау және оның «жарымшақ» сипатына баға беру. Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасыжәне оның үстірт сипаты. Ұлттық мәселелердегі шектеулердің күшейтілуі. Теміртау оқиғалары. Реформалық әрекеттердің толық емес сипаты. Қазақ КСР-дегі аумақтық дауды шешудегі қайшылықтар – ұлттық мүдделер орталығына немқұрайлы қараудың мысалы. Оралман қазақтардың Қазақстанға оралуы (1955, 1962).
Ауыл шаруашылығын көтерудің әміршіл-әкімшілдік шаралары. Жоғары партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы. Идеологиялық дағдарыс. Зиялы қауымның жасырын қарсыласуы, диссиденттік ортаныңқызметі.
Қазақстанның КСРО өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі. Әкімшілік басқару нәтижесінде аграрлық сектордағы қайшылықтардың тереңдей түсуі. Орталықтың этнодемографиялық саясаты: ішкі көші-қон, төлқұжаттық режимнің қазақтардың ауылдан қалаға көшуіне кедергі болуы, «тіркеу», тілдік кемсітушілік және оны жүзеге асырудыңтағы басқа жолдары. Ақшаның құнсыздануы мен негізгі тұтыну тауарларының тапшылығы. «Көлеңкелі экономика», қылмыстық топтардың таралуы.
Экологиялық дағдарыс. Мәдениет және ғылым. Мәдени-рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі – әміршіл-әміршілдік биліктің күшеюінің салдары. Қазақтардың ұлттық санасының стихиялық қайта өрлеу белгілері: «Жастұлпар» және студенттік жастардың басқа да бейресми ұйымдары, алғашқы қазақ диссиденттері. М.Шаханов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, О.Сүлейменов, І.Есенберлин және т.б. жазушылар мен ақындар шығармашылығының рухани жаңғырудағы маңызы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет