Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. Онды өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мəдениет, адамдардың жеке өмірі – бəрі тек мемлекеттің бақылауында болады. Сөз бостандығы болмайды. Жеке меншік, бəсекелестік, нарықтық қатынастарға жол берілмейді. Азаматтық қоғамның элементтері жұмыс істегенімен, ол тұтасымен мемлекеттің қарамағында. Жеке басқа табынушылық, бір партияның идеялық күштілігі байқалады. Халық дін ретінде бір идеологияға сенеді, бағынады. Барлық іс-əрекеттер алдын ала жоспарланған, жоғарыдан түсетін бұйрық арқылы жүзеге асырылады, жекелікке, даралыққа жол берілмейді. Мемлекеттің идеясына қарсы шыққандарды
«халық жауы» деп құртады. Оппозицияны болдырмайды.
Тоталитаризмнің үш түрі ХХ ғасырда болған. Ол Италиядағы Муссолини кезіндегі фашизм, Германиядағы Гитлер кезіндегі национал-социализм жəне Кеңес Одағындағы Сталин негізін салған коммунизм. Бұл мемлекеттегі идеологияның күштілігінен осы елдер өз уақытында ірі мемлекеттерге айналды. Авторитаризммен органикалық байланыстағы жəне одан тек тоталдығымен (лат. totalis-жалпы, жаппай, барлығын қамтитын), яғни акциялардың, əрекеттердің бəрін қамтып, жекелікті жоққа
шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим. Саяси өмірде тоталдық идеясы ежелден белгілі. Адамдардың тіршілік əрекеттерін жаппай қадағалау мен оны толықтай реттеудің қажеттілігін ежелгігрек философы Платон (б.д.д.428-348 жж) ұсынып, талдаған болатын. Ол идеалды мемлекетте адамдардың барлық өмірі қатаң ережелерге бағынуы керек деп есептеді. Тек мемлекет қана жеке мүдделерді ортақ мүдделерге бағындырып, заңдарды қолдану арқылы қоғамда тəртіп орнатуға міндетті.
Қытай императоры Цинь Ши-Хуанди (б.д.д. 259-210 жж) Фацзы (легистер) мектебінің идеяларына сүйене отырып, билікті орталықтандыру мен бірпікірлілікті қалыптастыру арқылы тоталитарлық идеяларды жүзеге асыруға талпынды. Ол ұлы қытай ойшылы Конфуцийдің еңбектерін еркін ойлаудың уағыздаушысы ретінде отқа жақты.
Дегенмен тоталитаризм ХХ ғ. жемісі болып саналады. Ғасырдың саяси процесіне өзіндік қолтаңбаларын қалдырған ірі тоталитарлық мемлекеттер осы ХХ ғ. пайда болды. Итальяндық фашистердің лидері Бенито Муссолини өзінің 1932 ж. жарық көрген
«Фашизм доктринасы» атты еңбегінде тоталитаризмнің бір түрі фашизмнің идеологиялық концепциясын нақты жəне айқын түрде баяндап берді. Онда ол, ең алдымен,мемлекетшіл ретінде көрінеді. Ол: «Мемлекет халықтың ұжданы мен еркінің білдірушісі болды. Либерализм Мемлекетті индивид үшін жоққа шығарды; фашизм индивидтің нағыз мəнінің жоқтаушысы ретінде Мемлекет құқығына көңіл аударады» деп есептеді.
Мемлекеттің басымдылығына баса назар аудара отырып, ол əрдайым бұл терминді бас əріппен жазады: «Мемлекеттің фашистік концепциясы барлығын қамтиды: одан тыс ешқандай адами, рухани құндылықтар болмайды немесе ондай құндылықтардың мəні өте төмен болады. Осындай түсініктегі фашизм тоталитарлық жəне фашистік Мемлекет – ол өзіне барлық құндылықтарды жинап алатын синтез жəне бірігу, - халықтың барлық өмірін түсіндіреді, дамытады жəне күш береді».
Муссолинидың доктринасында күш көрсету факторы неміс национал-социализмі мен кеңес коммунизмі доктриналарындағыдай айқын көрінбейтіндігін байқауға болады. Адольф Гитлердің атышулы «Менің күресім» атты кітабында герман национал- социализмінің болашақ саяси практикасы ашық түрде баяндалған. Онда бірінші орында
– национал-социалистік мемлекеттің мүдделері, нəсілшілдік, сонымен қатар антисемиттік, антикоммунистік идеологиямен қаруланған неміс ұлтының этникалық үстемдігі баяндалған.
Тоталитарлық жүйе ретіндегі коммунизм идеологиясы жаңа тапсыз қоғам құрудың кеңестік тəжірибесінің негізінде қалыптасты. Əрине, оның бастапқы принциптерін К.Маркс берген болатын, ол пролетариаттың таптық диктатурасының ерекше креативтік рөлі туралы ережелерінде еуропалық елдердегі революциялық тəжірибені зерттеу негізінде осы диктатураның тарихи болмай қалмайтындығы мен қажеттілігін баса атап өтті. К.Маркстың іліміндегі пролетариат диктатурасын орнату қажеттілігі идеясын мойындай отырып, В.И.Ленин бұл диктатураның орнауы таптық күрестің тарихи кезеңіне, азамат соғысына, мемлекетаралық қайшылықтарға алып келеді деп көрсетті. Аталған саяси процесте күш көрсету факторы шығармашылық рөл атқарады. Тек күш қолданудың негізінде ғана жаңа қоғамның пайда болуы жəне дамуы мүмкін.
Яғни, «сталинизм» ерекше ілім болып саналмайды, өйткені ол өзінің мазмұны бойынша Лениннің тоталитарлық идеяларын іс жүзінде толықтай жүзеге асырған тоталитарлық практика еді.
Тоталитарлық режимдер демократиялық дəстүрлері əлсіз əлемнің көптеген елдерінде қалыптасты, олар: азаматтық соғыстың нəтижесінде демократиясы күйреген Испания, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, Румыния, Албания, Югославия. Чехословакия,
Венгрия, Польша, ГДР секілді социалистік бағыттағы Еуропаның бірқатар елдерінде КСРО-ның қысымымен тоталитарлық тенденциялар қалыптасты.