Не сәтсіз өтті?
Сұрақтар бойынша ойтолғау жазу, «бес жолды өлең» тапсырмасын орындағанда , қазақ тілін жақсы меңгермеген оқушылар: Дмитрий, Александр, Петр бұл тапсырмаларды толық игере алмады.
Нені дамыта аласыз?
Мен алдағы уақытта да дәл осылай уақытты тиімді пайдаланып, жаңа технологияларды, әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім сапасын көтеру, тіл байлықтарын дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытуым керек.
Сабақ барысында кездескен кемшіліктерді жойып ұтымды жақтарын басқа сабақ барысында пайдаланбақпын.
1-тапсырма. Г.Н.Потаниннің ой-пікірі:
«Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар назар аударды. Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып озды », - деп жазды бірге оқыған досы, этнограф-ғалым Т.Н.Потанин.
Деңгейлік жұмыс:
1 деңгей.
Септеу: Шоқан
2 деңгей.
Морфологиялық талдау: жолдастарын, үлкендердің, оқыған, білімі, класындағыларды
3 деңгей.
Мәтіннен құрмалас сөйлем тауып, талдау.
2-тапсырма Семантикалық кестемен жұмыс.
түрлері
Сөйлемдер
|
Мезгіл бағыныңқы сабақтас қ.с
|
Кезектес салалас құрмалас
|
Қарсылықты бағыңыңқы сабақтас қ.с.
|
Себеп-салдар салалас қ.с.
|
Мақсат бағыныңқы сабақтас қ.с
|
Қарсылықты салалас қ.с
|
Қимыл-сын сабақтас қ.с
|
Шоқан кадет корпусына түсіп, онда үздік оқыды.
|
|
|
|
|
|
|
|
Ол қысқа өмір сүрсе де, артындағы ұрпаққа мол мұра қалдырды.
|
|
|
|
|
|
|
|
Шоқан отыз жыл өмір сүрді, бірақ көптеген ғылым саласын меңгерді.
|
|
|
|
|
|
|
|
Мен оқуға түсу үшін, жақсы бағамен мектепті аяқтауым керек.
|
|
|
|
|
|
|
|
Марат бүгін сабаққа біресе барамын деді, біресе бара алмаймын деді.
|
|
|
|
|
|
|
|
Ол кадет корпусында оқып жүргенде, түрлі карта, схема, топографиялық пейзаж жасаған.
|
|
|
|
|
|
|
|
Мен сабақты үздік бітіргім келеді, себебі Шоқан сияқты болсам деп армандаймын.
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |