Оқушылардың жаңа материалды белсенді және саналы түрде игеруіне дайындығы- 3 м
Жоспар: Жөндеу жұмыстары кезіндегі дәнекерлеу арқылы бөлшектерді қалпына келтіруді үйрету
Дәнекерленген қосылыстарды жөндеуді үйрену.
Дәнекерлеу қосылыстарының түрлерімен әдістерін үйрену
Замаңгы сай ағылшын тілін менгеру
Пән аралық байланыстарды білу.
Жаңа білімдерді игеру 20 -30 мин
Дәнекерлеу және балқытып жапсыру арқылы бөлшектерді өңдеу Дәнекерлеуді және балқытып жапсыруды тәсілін, өндірістік жабдықтарды жөндеу жұмыстары кезінде кенінен қолданады. Дәнекерлеу арқылы шытынаған, сынған, өлшемі тозған және басқа да дефектілер кезіндегі бөлшектерді қалпына келтіреміз. Сол жөндеу жұмыстары кезінде дәнекерлеудін бірнеше түрлерін қолданамыз:
Доғалық дәнекерлеу
Газбен дәнекерлеу
Автоматты және жартылай автоматты.
Балқытып жапсыру дегеніміз дәнекерлеудін бір түрі, балқытып жапсыру тәсілінде металл бөлшектерді бір бүтін қылып біріктірмейді, ол екінші материалды бөлшектін бетіне жапсырып өсіреді. Балқытып жапсыру арқылы бөлшектердің тозған беттерін қалпына келтіріп, содан кейін механикалық өңдеу арқылы бөлшектердің өлшемін келтіреді.
Болаттардың дәнекерленуі, олардың химиялық құрамына байланысты, көбінесе құрамындағы көміртегіге байланысты
Шойыңнан жасалған бөлшектерді қалпына келтіру барысында көбіне газбен дәнекерлеу әдісін қолданады, ал түсті металдардан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу үшін де газды дәнекерлеу қажет, брақ қоспалы материал болып негізгі бөлшектін құрамы қандай болса, қоспалы материалдардың құрамы солай болуы тиіс.
Дәнекерлеген косылыстарды жөндеу үшін, оның қай жерлерін дәнекерленгенің анықталып алынады. Олар әртүрлі болғандықтан, қандай дәнекерлеу керектігі айқындалады.
Ең қарапайым түрі - сырттай қоспаны қарап, ары қарай қалай жөндеуге болатынын анықтап алу болып табылады. Егер қосылған жерде жарық болса, оны қайтадан дәнекерлеп, сонан соң дәнекерлеген жерге керосин құйып тексереді.
Осылай тексергеннен кейін, дәнкерлеген жердің ішкі жағына суланған шүберек қойып, 10 -15 минут бақылайды. Егер де шүберек қарайып кетсе, яғни, қоспада әлі де жарық бар екендігін көрсетеді. Ондай жағдай болғанда, қайтадан дәнекерлеп, жоғарыдағыдай тәсілмен тексереді. Өте жауапты қоспаларды рентген сәулесі арқылы да тексереді. Кейде магнитпен, болмаса ультрадыбыс арқылы да тексеруге болады. Қайтадан қалпына келтірілетін бөлшектер жақсылап тазаланып, майланған жерлерін отқа қыздырып, майдан тазалайды. Каустикалық содамен тазалап алғаннан соң, сумен жуып тазалап, кептіреді. Қалпына келтіретін бөлшектерді органикалық еріткіштермен (керосин) де тазалауға болады. Дәнекерлейтін жерді егеу, арқылы егеп, метал тазалағаш щеткамен тазартып дәнекерлеуге дайындайды