Сабақтың атауы Еңбек қауіпсіздігін ережесін сақтау. Еңбек мәдениет ережесі Мақсаты



бет15/62
Дата05.04.2022
өлшемі2,07 Mb.
#29922
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62
Байланысты:
ЕНБЕККЕ БАУЛЫ ҚМЖ 3-сынып Атамура

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі. 
- оқушылармен амандасу
- сабаққа қажетті құралдарды түгендеу; 
- жұмыс орнын дайындау. 
ІІ. Кіріспе 
Қағаз жазуға, сызуға, сурет салуға және түрлі қажеттіліктерге жарайтын ағаштан жасалған материал. 
Қағаз дайындау кезеңдерін кесте түрінде көрсетуге болады. 
Ағаш дайындау 
Ағашты орманнан әкету 
Қағаз фабрикаларында қағаз жасау 
Қағаз қалай жасалады? 
Қағаз жасайтын шикізатты дайындау үшін ағаштарды кеседі. Бұтақ, жапырақ, тамырынан тазартады. Сонан соң ұсақталғанша үгітеді де, ол ұнтағы шыққанша майдалана береді. Бұдан соң ұлпа әр түрлі өңдеуден өтеді. Дымқыл әрі борпылдақ ұнтақ машинадан өтіп, тығыз да теп – тегіс аппақ қағазға айналады. 
Қағаз тұңғыш рет 2-ғасырда Қытайда жасалды, Еуропада 11 – 12-ғасырларда пайда болды. Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендірпайдаланылды. Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді: 
баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т.б.) – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады. Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді. 
Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді. 
Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландрленеді. Электр оқшаулағыш қағаздың (конденсаторлық, кабельдік, телефондық, оқшаулағыш-орамдық, т.б.) механикалық беріктігі жоғары әрі жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады. 
Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т.б.) фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді. 
Аппараттық қағаз (таспалық, перфокарталық, т.б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға пайдаланылады. 
Көшірмелік қағаз арнайы өңделіп дайындалады. 
Орамдық қағаз тағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т.б. пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс қалдықтарынан жасалады. 
Өнеркәсіптік-техникалық қағаз патрон, зімпара, диффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау, т.б. 
ІІІ. Практикалық жұмыс. 
Қауіпсіздік ережелерді еске түсірейік: 
1.Қайшыны лақтырма, сермеме. Қайшының ашасын ашық тастама. 
2. Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой. 
3. Қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер. 
4. Желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніш төсе. 
5. Желімді аузыңа, көзіңе тигізбе. 
6. Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу. 
- Балалар, бүгін біз түрлі түсті қағаздан гүл жасаймыз. Түрлі түсті қағазды қолымызға алып, бірнеше төртбұрыш шығу үшін оны бірнеше рет бүктеп, қиямыз. Қолымызға желім алып, қиылған төртбұрышты қағаздардан гүлдің күлтесін жасаймыз. Жасалған бүрнеше күлтелерді бір-біріне қосып, гүл шығарамыз. Енді, сабағын, жапырақтарын жасыл түсті қатырмағаздан жасаймыз. Оны гүлге бекітеміз, міне гүл дайын болды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет