Самокаттан велосипедке дейінгі мағлұматтар. «Лего» (металл) құрастырғыш бөлшектерінен ойыншықтар құрастыру
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Білімділік мақсаты: Оқушыларға “Лего” ойыншықтарын құрастырып үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ойын сабақ
Әдісі: Ой - қозғау, түсіндіру, топпен жұмыс, құрастыру.
Типі: Жаңа білімді меңгерту.
Көрнекілігі: Плакаттар, “лего” ойыншық түрлері.
Психологиялық ахуал
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Мозаика дегеніміз не?
2. Біз өткен сабақта неден мозаика жасадық?
3. Техникалық құрастыру дегеніміз не?
4. Әткеншекті құрастыру үшін бізге не керек?
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
Техникалық құрастыру дегеніміз жеке бөліктерді бір - біріне біріктіру арқылы әр түрлі бұйымдар жасау..
ІҮ. Жаңа сабақ:
1. Тақырыппен таныстыру
2. Мағынаны тану.
- Балалар тақтадағы суретке назар аударайық
- Не көріп отырмыз?
-....................
- Қандай машина?
-.........................
- Мінекей балалар біз суретте “Лего” жеңіл ойыншық машинасын көрдік.
“Лего” дегеніміз жеңіл деген мағнаны білдіреді.
- Ал енді, екінші суретке назар аударайық
- Не көріп отырмыз?
-......................................
- Бұл суретте жеңіл ойыншық машинаның бөлшектерін көріп отырмыз.
- Егер біз сол бөліктерді суретке қарап отырып құрастырсақ не шығады?
- Машина жасап құрастыруға болады..
- Міне балалар әр түрлі “лего”бөлшектерінен машина түрлерін, ұшақ, үй жиһаздарын, құрастыруға болады.
- Ендеше қазір біз”лего”бөлшектерінен ойыншықтар құрастырып үйренейік
Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Отыру оңай - ақ
Топпен жұмыс
“Лего” бөлшектерінен өз ойымыздан ойыншықтар құрастырамыз.
І - топ
ІІ - топ
ІІІ – топ
Оқушыларды қадағалап көмек беру, мадақтау қорытындылау.
Ой - қорыту: Сұрақтар қою арқылы пікірлесу.
1. Ал енді балалар біз “лего” бөлшектерден, не құрастырдық?
2. Қиындық болды ма?