Өзің қандай мәліметтер қосар едің?
Өткен сабақта саған не әсер етті?
Сергіту сәті
«Қарақұс пен балапандар»
Педагог тауық болып, балалар балапан болып жем теруге шығады. Бір бала қарақұс болады. Жем теріп жүргенде қарақұс ұшып келеді. Барлық балапандар тауықтың қанатынын астына жасырынады.
Мақсаты: Жылдамдыққа, шапшандыққа баулу, көңілдерін көтеру.
«Ұшты-ұшты»
Педагог балаларға ұшты-ұшты қарлығаш ұшты дегенде балалар қолдарын көтеріп ұшады, педагог ұшты-ұшты орындық ұшты десе отыра қалады.
Мақсаты: Аяқ-қол бұлшық еттерін дамыту, қимыл қозғалыстарын жетілдіру
Жаңа сабақ
60-метрге жүгіру
Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Жаттығулар жасау
Қысқа қашықтыққа жүгірмес бұрын 20-30 метр қашықтыққа жүгіру керек. Қысқа қашықтыққа төменгі сөреден жүгіреді. Қысқа қашықтыққа аяқты сілтей әрі кең адымдап жүгіру керек және шапшандықты біртіндеп арта берген дұрыс. Қысқа қашықтыққа (60,80,100,200 метр) жүгірген кезде аяқты сермей ұшымен басу керек. Жүгіру кезінде денені дұрыс және еркін ұстаған жөн.
Қысқа қашықтыққа жүгіудің ерекшеліктері, жүгіруші жүгірер алдында түрегеліп тұрмай, бір тізесін жерге тигіз қалпында болады, яғни төменгі сөреден жүгіреді. Жүгірер алдында жерге бір тізелеп, екі қолын сөре сызығына тіреп отырады. Сөре сызығынан 30-35 см кейін жерге кішкене шұңқыр қазалады. Ал екінші аяғын сөре сызығыан 70-85 см ұзындығындай қашықтыққа екінші шұңқыр қазылады. Шұңқырдың терендігі жүгірушінің табаның үштен бір бөліндей болуы керек. ,,Сөреге ‘’- деген пәрмен естілген бетте екі қолды жерге тейгізіп, екі иық сөре сызығының үстінде немесе сәл алға шыққан қалыпта бір тізелеп отырады. ,,Дайындал’’- деген пәрмен берілгенде жүгіруші, артта тұрған тізесін сәл көтеріп, жамбас иықтан сәл жоғары болу керек, дәл уақытында әрі дұрыс бстауга өзін жинақтап, ден шығаруды кідірте тұрады ,, Жүгір’- деген пәрмен берілгенде жүгіруші қолды сермей тез әрі қуатты қимыл жасайды. Жүгіру кезінде жүрек қан тамырлары, бұлшық ет буынга күш түседі.
IV. Машықтық жұмыс:Қысқа қашықтыққа 60 метірге жүгіруді, уақыт есептей орындау.
V. Бекіту: Өтілген сұрақтан сұрақтар қойып оқушылардын білімдерін тексеру.
1. Сөреге деген пәрмен берілгенде не істейміз?
2. Жүгіру кезінде адамның қай жеріне күш түседі?
3. 60 метрге жүгірмес бұрын не істейміз?
4. Сөренің қандай түрлері бар?
5. Жүгіру шапшандығы неге байланысты?