Сабақтың атауы Шамалар (ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық) және өлшем бірліктері Сілтеме



бет2/3
Дата03.12.2023
өлшемі21,76 Kb.
#133845
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Шамалар ұзындық,масса,уақыт,сыйымдылық және өлшем бірліктері

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Психологиялық дайындық



Психологиялық дайындық. «Жаттығу сұрақтары»:
1.қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40 әріп, 2 белгі, 42 әріп)
2.Математикада неше цифр бар? (10)
3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14)
4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6)
5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)

Қызығушылықты ояту

«Ой ашар»
І. Ойын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: Сұрақтар өтілген тақырыптарға байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам , әрі ұтымды жауап берген бала ұтады.
1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйықталған)
2. Көбейтудің заңдарын ата
(ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік)
3. 1км-де неше метр бар? 1000м
4.1дм-де неше мм бар? 100мм
5.1 м-де неше мм бар? 1000мм
6.1тоннада неше кг бар? 1000кг
7. 1тоннада неше центнер бар? 10ц
км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар)
Қандай өлшем бірліктері?
- км, дм, м, мм- бұлар ұзындық өлшем бірліктері
- т, ц, - бұлар салмақ өлшем бірліктері.
Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер?
Азық-түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым.
Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс.
Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш.
Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт, 64кг)
Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен өлшенетін, астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты өлшем бірлігі, мүшел жас, жыл санау, ай аты, күндерді санау т.б өлшемдер бар.
Оқулықтағы тапсырмаларды 3-топқа бөліп орындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет