Ал, оқушылар енді көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстап, былай деп іштеріңнен қайталаңдар: «Мен өзіме сенімді, ақылды, батыл адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді және еш нәрседен қорықпаймын. Менің денсаулығым мықты және мен күштімін»
Сабақтың мақсаты:Бейнелеуіш сөздер туралы түсінік беру, бейнелеуіш сөздердің еліктеуіш сөздерден айырмашылығын таныту. Бейнелеуіш сөздердің құрамы мен тұлғасына қарай түрлерін меңгерту
Міндеттері:
Танымдылық: Оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру,оқу әрекетінде ББД қолдана алуын, мәтіннен негізгі ақпаратты бөліп алып, талдау, салыстыру, жинақтау және қорытынды жасай алу дағдыларын, логикалық ойлау әрекетін дамыту.
Эмоционалдық: Ұжымда жұмыс істеу, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру; өзінің де өзгенің де еңбегіне әділ баға беруге, еңбек мәдениетіне баулу.
Әлеуметтік: Әлеуметтік өзара әрекеттестікке оқыту арқылы барлық оқушылардың бірдей оқу, оқыту үдерісіне қатысуына ықпал ету
Күтілетін нәтиже:
Топтасып жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдауға, уақытты тиімді пайдалануға үйренеді. Бейнелеуіш сөздің көру арқылы сипаттайтын сөздер екенін, бейнелеуіш сөздердің еліктеуіштерден айырмашылығын, олардың құрамы мен тұлғасына қарай түрлерін біледі және ажырата алады.