Сабақтың тақырыбы: «К» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру
Мақсаты:
Білімділік: «К» дыбысын жеке және буынды сөзде , сөйлемде дұрыс айтуын дамыту.
Түзету: көру, есту, есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Әдептілікке, ұқыптылыққа , тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Айна, суреттер, карточкалар, «Вундеркинд» аппараты, түрлі – түсті пішіндер, доптар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе
Сәлемдесу
Үй жұмысын тексеру
Тыныспен жұмыс:
«Түтікше», «Шар үрлеу», сыбызғы үрлеу, «Вундеркиндпен ойын»
Артикуляциялық жаттығулар:
Айна алдында мимикалық ерінге , тілге арналған жаттығулар жасау. «Терезе», «Бақа», «Ат шауып келеді», «Әткеншек»
Саусақ жаттығулары: «Вундеркинд» аппараты
Жаңа сабақ
«К» дыбысының артикуляциясын түсіндіру. Еріндер ашық, тістер сәл ашық, тілдің ұшы төменгі тістер түбінде жатып, оларға тимейді,алды, және ортасы төмен түсіп, артқы жағы жоғары көтеріліп, жұмсақ таңдайға тіреледі де, тілдің шеттері қатты таңдайдың артқы жағына сәл тиеді. «К» дыбысын айтқанда, созылып айтылмайды.
«К» дыбысын дұрыс айтуға дағдыландыруға арналған ойындар:
Дидактикалық ойын: «Жылдам ойлан»
Ойын барысы: бала карточка арқылы заттарды атап, (к дыбысынан келетін сөздер) сол зат жайлы білгенін айтып береді.
Сергіту сәті: Логоритмика. «Вундеркинд» аппаратымен
Қимылды ойын: «Пішіндер»
Ойын барысы: Секіру арқылы доптарды орналастыру, мәреге жету.
Тақырып бойынша жұмыс мақсаты:
«К» дыбысын – дұрыс және анық айтқызу.
Буындар тізбегі: Ку – ку-ку
Ка- ка- ка
Ко – ко – ко
Ке – ке- ке
Ук-ук-ук
Ок-ок-ок
Ек-ек-ек
Дыбысты сөздерде және сөз тіркесінде айтуға машықтандыру
Мысалы: Көбелек қандай?
Бала сөздерге сипаттама беріп, сөз тіркесін құрайды.
Қорытынды: Біз бүгінгі сабағымызда қай дыбыс туралы әңгімелестік?
«К» дыбысынан басталатын сөздерді аташы және сөйлем құра.
Көбелектер гүлге қонды
Каусар көйлек киді
Көжек сәбіз жейді.
Үйге тапсырма: айна алдында артикуляциялық жаттығу жасау.
«К» дыбысын буында, сөзде және сөйлемде бекіту. \
Жаттап ал. Кө-кө-кө – көсеу
Ка-ка-ка-карта
Кі-кі-кі-кілт
Ке-ке-ке-кеме
Өк-өк-өк-өкпе
Ек-ек-ек-жидек
«Кәусар » бөбекжай – бақшасы»
«К» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру
Логопед: Оразова А.Б
2022-2023 оқу жылы
Балаларға арналған көрнекілік пен ресурстар
«Вундеркинд» аппараты
Тыныс алу
жаттығуына арналған
құралдар
Артикуляциялық жаттығуға арналған
айна
Саусақ жаттығуына арналған
құралдар
Дыбысқа байланысты берілетін таратпалар
Сергіту сәтіне арналған құралдар
Достарыңызбен бөлісу: |